• 25 ноября, 2024 4:49 дп

Шымкент қаласы тұрғындарының қауіпсіздігі бірінші орында

Автор:admin

Авг 14, 2024

Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков Құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссия мен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі комиссия отырысын өткізді. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің бас пасөз қызметі мәлімдеді. Отырысқа құқық қорғау органдарының бірінші басшылары, аудан әкімдері және басқарма басшылары қатысты. Шымкент қаласы ПД бастығының орынбасары А.Бейсенбаев нашақорлық, суицид, ұрлық және интернет алаяқтық қылмыстарын алдын алу бойынша атқарылып жатқан кешенді шараларды баяндады. Есірткінің заңсыз айналымына байланысты құқық бұзушылықтарды анықтау, олардың жолын кесу және нашақорлықты алдын алу бойынша тиісті шаралар жүргізілді. Жыл басынан қаламызда есірткіге қатысты 201 қылмыстық құқық бұзушылық анықталған. Ағымдағы жылдың 5 айында қалада 265 интернет-алаяқтық қылмысы тіркеліп, өткен жылмен салыстырғанда 16,1 пайызға азайған. Сондай-ақ жиында Шымкент қаласы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті басшысының орынбасары А.Манатұлы қаржы пирамидаларының профилактикасы туралы баяндады. Аталған бағытта осы жылдың 5 айында 3 қылмыстық іс анықталып, тіркелді. Оның 1-і өндіріспен аяқталды, 2 іс өндірісте. Бұл ретте халық арасында түсіндіру шараларын күшейту тетіктері қарастырылды. А.Манатұлы шаһар тұрғындарына алаяқтықтың алдын алу бойынша ақпараттық түсіндіру жұмыстарының үздіксіз жүргізілетінін мәлімдеді. Сонымен қатар құзырлы органдар бірлесіп, профилактикалық іс-шаралар жүзеге асаиынын мәлім етті, Қазіргі уақытта сыбайлас жемқорлыққа қарсы профилактикалық жұмыстарды комиссия мүшелері тұрақты түрде жүргізуде. Дегенмен, қала басшысы бұл бағыттағы шараларды күшейту қажеттігіне тоқталып, аудан әкімдері мен басқарма басшылары комиссия аясында бекітілген іс-шараларды сапалы әрі мүлтіксіз орындауы тиіс екенін жеткізді. Сонымен қатар отырыс барысында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департамент басшысы Д. Ерғарин жергілікті атқарушы органдардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте атқарып жатқан жұмыстарына баға бере отырып, оны жетілдіру жолдарын комиссияға ұсынды. Отырыс қорытындысында қала әкімі тұрғындардың қауіпсіздігі күн тәртібінде бірінші мәселе болып қалуы тиіс екенін айта келе, жауаптыларға аудандық полиция басқармаларымен бірлесіп, кешенді шаралар қабылдауды, жұмыстың нәтижелі болуын қамтамасыз етуді тапсырды.

Jsk ақпараттық агенттігі

Автор: admin