• 28 октября, 2024 4:33 пп

Шымкент қаласы: Тәуелсіздікке 20 жыл тұрғын алабына сапалы электр жарығы қосылды

Автор:admin

Окт 15, 2023

Шымкент қаласы Абай ауданына қарасты Тәуелсіздікке 20 жыл тұрғын алабында 3 мыңға жуық тұрғын тұрады. Онда 1 мектеп пен 2 балабақша бар. Қосымша мектеп салу қажет етеді. Тұрғын алаптың инженерлік инфрақұрылымы кезең-кезеңімен шешіліп келеді. Қазіргі таңда аталған елдімекен жекеменшік  электр жарығымен қамтылған. Сапалы жарықпен  қамтамасыз ету мақсатында өткен жылы құрылыс жұмыстары аяқталып, бүгінде абоненттеу жұмыстары жүргізілуде. 100 пайыз  ауыз сумен қамтылған. Табиғи газбен  қамтылмаған. Биылғы жылы ЖСҚ әзірленніп, 2023 жылы толық көгілдір отынмен қамту жоспарлануда. Жалпы көшелер саны 40 болса, оның 1-і асфальт, 39 тас жол. Өткен жылы 6 шақырымға шағал тас төсеу жұмыстары атқарылса, биыл 3 көшеге төселеді. 2025 жылға дейін жолдардың 13 шақырымына асфальт төселетін болады. 40 көшенің 3-і жарықтандырылған. 2022 жылы мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында  8,3 шақырымды құрайтын «Әбдірайымов» көшесін жарықтандыру жоспарлануда. Тұрғындарды сапалы интернетпен қамтамасыз ету үшін базалық станция орнатуға жер телімі анықталып, инвестор тарапынан тиісті жұмыстар жүргізілуде. Жоспарға сәйкес, елді мекенді жоғары жылдамдықтағы интернетпен қамту жұмыстары 2022 жылдың соңына көзделген. Кестесіне сәйкес — №146, 180 маршруттар қатынайды. Урбанизация үдерісінің екпінімен қалаға ағылған жұрт алғашқыда көп қиындықты бастан өткерді. Инфрақұрылымы барма­ған жерге үй салған халық әкімдікке жиі шағымданды. Бұған, әрине, әкімдікті кінә­лауға болмас. Өйткені сол тұста қала­ны тұтас дамытып жіберетін ресурс болған жоқ, тіпті болған күнде бір пәсте атқа­рып тастау мүмкін емес. Қала шетіндегі Тәуелсіздікке 20 жыл  шағын ауданы да көптен бері ком­­муналдық инфрақұрылым жағы­нан қиындық көріп келді. Ауыз су, жол, газ, электр қуатының проблемасы жергілікті тұрғындарды әбден шаршатқан-ды. Мегаполисті дамытудың жоспарына сәйкес былтыр аталған шағын ауданға көптен күткен ауыз су берілді. Осы мақсатты іске асыруға мемлекет қазынасынан 1,5 млрд теңге қаржы қаралды. Шымкент қалалық мәслихатының хатшысы Бахадыр Нарымбетов мегаполис шалғайында жат­қан елді мекендердің инфрақұрылымын дамыту Amanat партиясының «Өзгерістер жолы: баршаға лайықты өмір» атты сайлауалды бағдарламасына сәйкес жүзеге асырылып жатқанын айтады. Бағдарлама аясында биыл Асар-2 шағын ауданының басқа да инженерлік-инфрақұрылым мәселелері шешімін тапты. Соның ішінде қалаға қатынайтын қоғамдық көліктерді атап өтуге болады. Бұдан бөлек «Монолит – Дизайн-2030» мердігер компаниясы кәріз жүйесінің құрылысын жүргізуде.

 

Jsk ақпарат

Автор: admin