• 24 ноября, 2024 11:54 пп

Шымкент қаласы: шеткі аудандарды жарықтандыру жоспарға сәйкес жүргізілуде

Автор:admin

Сен 15, 2023

Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы аумағындағы 390 көшенің қазіргі уақытта 110 көшесі жарықтандырылған. Бекітілген жылдық жоспарға сәйкес, биыл 14 көшені жарықтандыру жұмыстары жүріп жатыр. Атап айтқанда, Күншығыс шағын ауданындағы ішкі орамдық көшелер, яғни №25, 28 мектеп аумағы, Әбдіразақов көшесі, Ж.Тыныбаев көшесі, Өзбек көшесі, Қалалық жүйке аурулары орталығы, Бөгет көшесі. Ал 16 шағын ауданы бойынша №39 мектеп жанындағы ішкі орам көшесі, М.Мәметова көшесі. Сондай-ақ, Сәуле шағын ауданындағы Күмісті, Наурызым, Тұмарлы, Әблязимов көшесі, Мәделі Қожа және Сасбұқаев көшесі. Айта кетейік, осылардың ішінде биылғы жылдың тамыз айына дейін 8 көшені жарықтандыру жұмыстары толық аяқталды. Олар: 1.Күншығыс шағын ауданындағы ішкі орамдық көше (№25, 28 мектеп аумағы) 2. Әбдразақов көшесі. 3.Өзбек көшесі, 4. Бөгет көшесі, 5. М.Мәметова көшесі, 6.Ж.Тыныбаев көшесі, 7.Қалалық жүйке аурулары орталығы, 8.16 шағын ауданындағы ішкі орам көшесі. Сонымен қатар, Сәуле шағын ауданындағы көшелерді жарықтандыру жұмыстары жалғасуда. Жалпы Шымкентте орталық маңызға ие 747 көше бар. Өткен жылы 39 көшеге жарық жүйесі орнатылса, 4 көшеде қайта құру жұмысы жүргізілді. Нәтижесінде көшені жарықпен қамту 25 пайыздан 31 пайыздан асты. Ленгір тас жолы бойындағы ескі шамдарды диодты шамға ауыстырылды. Қосымша жарық жүйесін орнатуға 161,2 млн теңге қаржы қаралып тиісті жұмыс атқарылды. Қазіргі таңда, шаһардағы 228 көше мен 8 саябақ, 32 гүлзар және 1026 көпқабатты тұрғын үй ауласында 43 016 дана түнгі жарық шамы жарқырап тұр. 2021-2023 жылдары көшені жарықтандыру мен оны күтіп ұстау бойынша мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында 16,4 млрд теңгеге бірқатар жобалар жүзеге асырылады. Жоба аясында 312 көше жарықтандырылып (Абай ауданы: 83 көше, Әл-Фараби ауданы: 42 көше, Еңбекші ауданы: 89 көше, Қаратау ауданы: 98 көше), энергия үнемдейтін LED шамдар орнатылады. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев үлкен қалаларда тұрғындарға қауіпсіз әрі жайлы орта қалыптастыруды тапсырған болатын. Осы тапсырманы орындау мақсатында Шымкент қаласының әкімдігі «Шымкент қаласын жарықтандырудың құрылысын салу, қайта құру және пайдалану» жобасын әзірлеген. Шымкентте 136 көше жарықтандырылды. Солардың арасында шалғай елді мекендер мен шағынаудандардағы Гүлдала, Жоламан, Ағайынды Тәжібаевтар, Сыздықов, Егемен ел, Қазына, Әлмахан қажы және Жабай ата, Аргоферма Қарасу, Ақсуат секілді көшелерді атап көрсетуге болады. Мұнан бөлек 30 көшедегі ескі жарық шамдар заманауи LED шамдармен алмастырылды. Шамы жаңарғандардың арасында Темірлан тасжолы мен Ю.Гагарин, Түркістан, Төле би секілді орталық көшелер де бар. Жарықтандыру жұмыстары 2024 жылы да жалғасын табуда. Нақтырақ айтқанда, биыл 102 көше жарықтандырылады деп жоспарланған. Жалпы, өткен жылдың қорытындысымен орталық маңызы бар 747 көшенің 356-сы жарықтандырылып, қамту көрсеткіші 43,4 пайызды құраған еді. Биыл атқарылатын жұмыстардың нәтижесінде Шымкенттегі жарықтандырылған көшелердің саны 458-ге жетіп, қамту көрсеткіші 61,3 пайызға жетеді деп күтілуде. Жоспарға сәйкес, осы жылы тағы 106 көше жарықтандырылып, қамту көрсеткіші 70 пайызға жетеді. Айта кетейік, қаладағы жарықтандыру желілері автоматтандырылған басқару жүйесіне қосылып жатыр. Диспетчерлік орталық арқылы қай көшелер қосылып немесе өшіп тұрғанын, қай көшеде қанша жарықшам істен шыққанын көрсететін бұл жүйеге әзірге 40 көше қосылған. Жыл соңына дейін 100 көше қосылады деп жоспарланып отыр.

 

Jsk ақпарат орталығы

Автор: admin