• 23 ноября, 2024 9:04 пп

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ: ҚОНАЕВ ДАҢҒЫЛЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ: ЕКІНШІ КЕЗЕҢІ 35%-ҒА ДАЙЫН

Автор:admin

Сен 4, 2023

Қаланың оңтүстік бағытындағы жалғыз кірме шығыс жолына жүктемені азайту мақсатында Д.Қонаев даңғылының жалғасы салынуда. Нысан 6 кезеңнен тұрады. Бүгін Шымкент қаласының әкімдігі аталған нысан басына барып, күре жолдың құрылысын бақылады. Жалпы Д.Қонаев даңғылының жалғасын салу 2-ші кезеңінің ұзындығы 1,7 шақырымды құрайды. Көшенің ені — 42 метр, 6 жолақты. Қазір мұнда жер жабындысын салу жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ құрылыс нысанында тірек қабырғаларын орнату жұмыстары және инженерлік желілерді ауыстыру жұмыстары атқарылған. Қазіргі уақытта құрылыс 35%-пайызға аяқталған. Жыл соңына дейін  Түркістан көшесінен теміржолға дейін қамтитын 2-ші кезеңіндегі жолдың бір бөлігін көлік қозғалысына ашу жоспарлануда. құрылыс нысанына түсетін 5 жер учаскесін мемлекет мұқтаждығына алу мәселесін тезірек шешуге тапсырма берді. Еліміздегі автожолдардың жалпы ұзын­дығы – 96 мың шақырым. Оның 25 мың шақырымы – рес­пуб­ликалық маңызы бар күре жолдар болса, 71 мың шақырымы – жергілікті жолдар. 2021-2025 жылдар ара­лы­ғында автожол саласында рес­публикалық ма­ңызы бар 12 мың шақырым автожол салынып, ре­конструкцияланады. Жыл са­йын орта есеппен алғанда 200 мың адам жұмыспен қамтылып жатыр. Бүгінге дейін елдегі республикалық ма­ңыз­ға ие жол­дар­дың негізгі бөлігі күрделі жөн­деу­ден өтіп, 13 мың шақырым автожол қайта жа­ңар­тылған. Жақында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке: «Нұрлы жол» мемлекеттік бағ­дар­ламасын іске асыру аясында көлік логистикасы жүйесінің тиімділігін арттыруды және елдің транзиттік әлеуетін одан әрі дамытуды тапсырды. Бүгінде 400 мыңнан астам адам жұмыс істейтін көлік саласы ел экономикасының сер­пін­ді даму драйверіне айналды. Қазақстан көлік саласын және көлік дәліз­дерінің тран­зит­тік әле­уе­тін дамыту үшін зор күш-жігер жұмсауда» деген еді. «Алыс жүрсек те жолмен» жүретін елдің көші түзу болсын! Қазақта «ауыр жол атанды сынайды» деген тәмсіл бар. Бастысы, ауыр жолда сынамайық.  Елдің экономикалық және саяси өмірінің маңызды саласына айналған көлік қатынасы автожолдарға тікелей байланған. Ендеше, бұл салада атқарылып жатқан ауқымды істердің бәрі ел игілігі үшін істеліп жатқанын сөзсіз. Шымкент қаласында атқарылып жатқан жұмыстар аз емес.

 

Jsk ақпарат орталығы

Автор: admin