• 3 декабря, 2024 4:50 пп

ШЫМКЕНТ: ҚАЛА ӘКІМІ МЕДИЦИНА САЛАСЫНА ЕРЕКШЕ КӨҢІЛ БӨЛУДІ ТАПСЫРДЫ

Автор:admin

Янв 23, 2023

 

Бүгін Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нұрлыбек Асылбеков 2022 жылы атқарылған жұмыстар жөнінде әкімге есеп беріп, 2023 жылға қойылған міндеттерді баяндады.

–Шымкент қаласында амбулаторлық деңгейде 13 мемлекеттік емхана және 32 жеке меншік медициналық орталық жұмыс істейді. Халықтың 52,8% немесе 615 мың азамат мемлекеттік, қалған 47,2% немесе 549 мың адам жекеменшік емханаға тіркелген. Былтыр 5 медициналық ұйым ашылды.

Сонымен қатар МЖӘ жобасы аясында Шымкент қаласында бір ауысымда 700 келушіге арналған 800 төсектік университеттік көпбейінді аурухана және клиникалық-диагностикалық орталық (емхана) құрылысы жеке инвестор есебінен басталды.

Бұдан бөлек, онкологиялық орталықтың базасында ПЭТ орталығы және сәулелік терапия орталығы іске қосылып,
№1 қалалық емхананың балалар бөлімшесі мен №2 оңалту орталығының негізгі ғимараты жөнделді.
17 медициналық құрал сатып алынып, азаматтарды медициналық күәландырудан өткізуге медициналық комиссияларды бөлу үшін жергілікті мәслихат арқылы қаражат бөлу мәселесі шешілді. Сондай-ақ, №3 қалалық емхана аккредитациядан өтті. Ұрықты қорғау орталығы ашылды.

Өткен жылы 16 бүйрек, 6 бауыр трансплантациясы мен 369 жүрекке ота жасалды. №2 аурухана базасында бауыр циррозы бойынша бұрын-соңды болмаған операция өткізілді.

5225 медициналық қызметкер біліктілігін арттырып, шетелдік мамандардың қатысуымен 30 медицина қызметкері шеберлігін шыңдап, арнайы дәріс алды. Қала тұрғындары скринингтік зерттеулерден 100% өтті,-деді басқарма басшысы.

Бас дәрігер қазіргі таңда Шымкент қаласында 23 орфандық ауру бойынша 506 бала динамикалық бақылауда тұрғанын жеткізді. Атқарылған жұмыстар мен алда жүзеге асатын жобаларды тыңдаған қала әкімі басқарма басшысына медициналық қызмет көрсетудің сапасын арттып, халыққа қолайлы жағдай жасау керектігін тапсырды.

 

Автор: admin