ШЫМКЕНТ: ҚОНАЕВ–РЫСҚҰЛОВ ЖОЛАЙЫРЫҒЫ РЕСМИ ТҮРДЕ АШЫЛДЫ
Үшінші мегаполистегі Қонаев даңғылы мен Рысқұлов көшесінің қиылысындағы жолайырығы салтанатты түрде пайдалануға берілді. Іс-шараға қала әкімі Мұрат Әйтенов және тиісті басқарма басшылары, мердігер компанияның жетекшілері қатысты. Бұл жолайырық былтырдан бері техникалық түрде ашылып, қала тұрғындары пайдаланып келеді. Жобаға қосымша жаяу жүргіншілерге арналған жерасты өткелдері салынып, айнала абаттандырылды. Бұл – мегаполистегі ірі жобаның бірі. Бәріңізге сәттілік тілеймін. Ұлттық мерекеміз құтты болсын. Аспанымыз ашық, еліміз аман болсын! – деді Мұрат Дүйсенбекұлы. Қала әкімі бастаған топ шынар ағашының көшеттерін екті, жолайырықпен кеңірек танысып, жаяу жүргіншілер арналған өткелдермен жүріп көрді. Шымкент қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы өкілдері берген мәліметке сәйкес, қаланың бас жоспарына сәйкес қолға алынған жолайырықтың құрылысы 2020 жылдың қазан айында басталған. 2021 жылдың соңында, көлік кептелісін азайту мақсатында, техникалық тұрғыда көлік қозғалысы үшін ашылған болатын. Зерделеу жұмыстарының нәтижесі бойынша 2019 жылы Қонаев даңғылы мен Рысқұлов көшесі қиылысының өткізгіштігі тәулігіне 27 775 көлік болса, бүгінде бұл көрсеткіш тәулігіне 66 мың көлікке жуықтайды. Қазақстан 2050 стратегиясындағы алдымызға қойылған міндеттерді жүзеге асыру үшін, билік басындағылардан бастап қатардағы азаматтарға дейін еліміздегі әлеуметтік әділеттілік пен әлеуметтік қамтамасыз етуге деген көзқарасымызды өзгертуге тиіспіз. Бүгінгі таңда кез келген мемлекеттің абыройы мен беделі халқының әлеуметтік жағдайымен өлшенетіні белгілі. Осы ел тұрғындарының назарына ұсынылған ауыл-аймақтардың әкімдерін сайлау сияқты азаматтық қоғамды дамыту істерінің маңызы зор. Басты назарда ұстап отырған жол сапасының өркендеуіне қолдау көрсету, алаңын ұлғайту, әлемдік деңгейдегі жолдардың қалыптарына (стандарттарына) сәйкес асфальт жабындыларының базасын құру, экологиялық таза өндіріс саласын дамыту мәселелерін де орынды көтерген. Қазақстан жаһандық әлемнің бір бөлігі болып табылады және ағымдағы үрдістерден шет қала алмайды. Бұл үрдістердің кейбірі елді жаңғырту үшін жаңа мүмкіндіктер құратын болса, кейбірі Қазақстанның дамуы үшін кедергілер келтіруі мүмкін. Бұл үрдістердің Қазақстанға әсер ету дәрежесін нақты бағалау өте қиын. Бұл ретте қазіргі уақытта пайда болуын болжау мүмкін емес жаңа трендтер мен сын-қатерлер туындауы мүмкін. Әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарына кіру теріс трендтерге икемді ден қоюға және қолайлы әлемдік өзгерістерден барынша пайда табуға мүмкіндік беретін даму стратегиясын қалыптастыруды талап етеді. Сарапшылардың пікірі бойынша, 2050 жылға дейін әлемдік экономика конфигурациясында елеулі өзгерістер күтіледі. Бүгінгі күні Қазақстан үшін демографиялық өзгерістер, экономикалық жаһандану, дамушы мемлекеттердің экономикалық өсуі, технологиялық процестердің жеделдеуі, энергияны тұтынудың әлемдік теңгеріміндегі өзгерістер, сондай-ақ климаттың өзгеруі жаһандық және өңірлік сипаттағы неғұрлым маңызды үрдістер болып табылады.
Jsk ақпарат