• 25 ноября, 2024 3:22 дп

ШЫМКЕНТ: ҚОС МЕРЕКЕ ТОЙЛАҒАН БАЛАЛАР МӘЗ

Автор:admin

Сен 6, 2022

Шымкентте Балалар жылы аясында және Қазақстан Республикасы Конституциясы күніне орай «Біз бақытты баламыз!» атты ауқымды мерекелік іс-шарасы ұйымдастырылды.

Мерекеге  Шымкент қалалық ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының «Қоғамдық келісім» мекемесі мұрындық  болды. Оған   басқарма басшылығы мен этномәдени бірлестіктердің төрағалары, қалалық Ассамблея жанындағы құрылымдардың жетекшілері, қаладағы түрлі этнос өкілдерінің ата-аналары мен балалары, жалпы  300-дей адам  қатысты.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, мерекелік іс-шараға Шымкенттегі 17 этномәдени бірлестіктердің өкілдері қолдау білдірген.

Айта кету керек,  Шымкент қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясының «Қазақтану» жобасы аясында жыл соңына дейін бірнеше іс-шара өткізу жоспарланған.  Ондағы мақсат түрлі этнос өкілдерінің балаларын қазақ мәдениетіне, қазақи танымға үйрету.

Жиынға қатысқан қонақтар балаларды мерекемен құттықтап, тілектерін жеткізді.

— Лайым әр шаңырақтан бала күлкісі кетпесін. Бала – біздің болашағымыз десек, Қазақстанның жарқын болашағы ел тағдырына бей-жай қарамайтын, нағыз отаншыл, ниеттес, мүдделес азаматтардың қолында. Сіздерді қос мерекемен құттықтай отырып, еліміздің өркендеуіне зор үлес қосады деген сенімдемін. Баршаңызға бақытты балалық шақ тілеймін. Аспанымыз ашық, еліміздің ертеңі жарқын болсын!, -деді   Шымкент қалалық ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқарма басшысы Мұратжан Шотанов.

Сонымен бірге, Шымкент ҚХА хатшылығының меңгерушісі Мұхтар Төлепов, Қазақстан өзбектері этномәдени бірлестіктері «Дустлик» қауымдастығының төрағасы Икрам Хашижановтар да сөз алып, жиынға жиналғандарды қос мерекемен құттықтады.

Іс-шара барысында қаладағы оқушылар сарайының «Айгөлек» хореографиялық би ансамблі, «Алтын ғасыр» әншілер тобы, аниматор-қуыршақтар және басқа да өнерпаздар өнер көрсетіп, мерекелік көңіл-күй сыйлады. Одан кейін балалар түрлі ойын алаңшаларында  асыр салып, ойнап, мәз-мәйрам болды. Қала жылдан жылға ерекше мәдени көрікке еніп келе жатқан жайы бар.  Қала атауына келсек шым сөзі кейбір деректер бойынша жасыл аймақ, өлке деген мағынада. Дегенмен де бұл деректер нақты емес.  Бір кездері Қазақстан Ресей құрамына енуіне байланысты атауы Черняев болып өзгертілген болатын. Кейіннен наразылық туындап 1921 жылы қайтадан Шымкент атауы берілді. Ал бүгіндері қаланы тұрғындар Шымқала, Шым шаһар, Шырайлы Шымкент деп те атай береді.  Шымкенттің көрінісіне келсек ол табиғат пен заманауилықтың тоғындысындай. Шымкенттен нағыз қазақилықтың иісі аңқиды. Көрнекі орындары тарихпен ұштастырылып, заманауилықтың сияларымен біріктіріліп, көрер көзге ерекше көрініс сыйлайды. Мұнда заманауи бизнес орталықтарынан бастап, сауда, ойын, сауық орталықтары жетерлік. Бұл сәтте Шырайлы Шымкенттің той думанның ордасы екендігін айтпай өтуге болмас.

Jsk ақпарат

Автор: admin