• 24 ноября, 2024 4:43 дп

ШЫМКЕНТ: ҚЫЗЫЛЖАРДА БАЗАЛЫҚ СТАНЦИЯНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖҮРУДЕ

Автор:admin

Ноя 1, 2022

Бүгінде Абай ауданы Қызылжар тұрғын алабы, 2021 жылғы атқарылған жұмыстар нәтижесінде сапалы ауыз сумен толық қамтылған. Алапта 684  отбасы қоныстанған. Халық саны 4419 адамды құрайды. Биылмен санағанда табиғи газбен қамтылу көрсеткіші 100 пайызды құрап отыр.  Электр жарығымен қамтамасыз ету жұмыстары 2022 жылдың IV-тоқсанында толықтай аяқталып, пайдалануға беріледі деп жоспарлануда. Тұрғын алапта жалпы саны 19 көше бар, оның 7-еуі асфальт, 12-сі тас жол. Соның ішінде, 8 көшеге 2021 жылғы жоспарға сәйкес шағал тас төселді: Бақтияров, Көмекбай, Мыңтөбе, Дала қыраны, Гаражный, Жаңақұрылыс-1, Жаңақұрылыс-2, Жаңақұрылыс-3.  Жарықтанырылған көшелер саны — 3.  Биыл тұрғын алапта, Ленин және Жастар көшелерінің құрылыс жұмыстары атқарылды. Сапалы интернетпен қамту мақсатында базалық станцияның құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Жыл соңына іске қосу жоспарланған. Біз отыздыққа енген – бірі іргелі де қуатты дамыған, екіншісі шағын, бірақ, әлеуметтік жағынан алда тұрған елдермен кішкене салыстырдық. Егер, жоғарыдағы мемлекеттердің әлеуметтік әлеуетімен салыстырсақ, біздің елде бұл бағытта әлі де көп жұмыстар атқарылуы керек. Әдетте, орта тапқа үй­-жайы, автокөлігі, орта табысы бар адамдар жатқызылады. Осы өлшеммен қарағанда, біздің ел халқының көпшілігі автокөлікке қолы жете алатындай деңгейде. Оған шүкірлік етеміз. Әлбетте, егер, жаңа-ескі автокөлік деп бөлмей, жалпы алсақ. Бірақ, тұрғын үйді ипотека жолымен, әсіресе, нақты өз ақшасымен сатып алу жағы әлі де төмендеу. Содан да болар, кей деректе еліміздегі орта таптың көлемі шамамен 20% делінген. Kapital.kz. басылымының (03.06.2015ж.) ақпаратына қарағанда, тіпті қазақстандықтардың 34%-­ы ақшасының тек тамақ пен киімге жететінін мәлім етіпті. Ел халқының бар болғаны 1%­-ы ғана ешқандай қаржылық қиындықты сезінбейді екен! Қазақстан тәуелсіздігін алғаннан кейін қысқа мерзімнің ішінде геосаяси кеңістік жүйесінен өз орнын табуы, өзінің ұлттық-мемлекеттік мүдделерін қалыптастыруы, сыртқы саяси басымдықтарының бара-бар жүйесін құруы және сыртқы саяси стратегиясының негіздерін қалауы тиіс болды. Басты мақсат ретінде Президент Қазақстанның егемен мемлекет ретінде қалыптасуы мен дамуы стратегиясын ойдағыдай жүзеге асыру үшін қолайлы сыртқы жағдайларды қалыптастыру мен ұстап тұрудың жолдарын қарастырды. Еліміз Президенті жүргізіп отырған ішкі саясат та ойдағыдай болып отыр. Соның арқасында 90-жылдардың басында да Қазақстанда ұлтаралық шиеленістің ұшқыны да болған жоқ. Басқалар, әсіресе көбіне дамыған мемлекеттердегі сияқты қазіргі экономикалық дағдарыстың салдарын да біз аса көп сезе қоймадық. Біз экономика өсімі қарқынының шұғыл бәсеңдеуіне және отандық қаржы жүйесінің дағдарысына жол берген жоқпыз. Екінші деңгейлі банктерді мемлекеттік қолдау елдің қаржы жүйесінің тұрақтылығын сақтауға мүмкіндік берді, ал мұның өзі өз кезегінде әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықтың негізі болды. Мемлекет екінші деңгейлі банктердегі халықтың барлық салымдарын кепілдендірді, стресстік активтер қорын құрды. Сонымен қатар азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етті: елдің барлық аймақтарында азық-түліктік бидай, күріш, өсімдік майы, құрғақ сүт, ет пен сары май бойынша тұрақтандыру қорлары құрылды. Құрылыс нарығының проблемалары табысты шешілді, үлестік тұрғын үй құрылысы нысандарын аяқтау үшін бюджеттен жүздеген миллиард теңге бөлінді.

Jsk ақпарат

Автор: admin