• 22 сентября, 2024 11:26 пп

ШЫМКЕНТ: ҰЛАҒАТТЫ ҰСТАЗДАРҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

Автор:admin

Окт 6, 2023

 

🔷 Бүгін қала әкімі Ғабит Сыздықбеков Мұғалімдер күніне арналған мерекелік іс шараға қатысты. Қала басшысы ұстаздар қауымына құттықтауын жеткізіп, ізгі лебізін білдірді. Сондай-ақ салтанатты жиында саланың үздіктері арнайы марапатталды.

🔷 «Мемлекет басшысының тікелей тапсырмасымен елімізде алғаш рет «Педагог мәртебесі туралы» Заң қабылданып, ұстаздардың қоғамдағы абырой-беделі артып келеді. 2020 жылдан бастап бүгінге дейін ұстаздар жалақысы
100 пайызға, балабақша тәрбиешілерінің жалақысы 30 пайызға өсіп, әлеуметтік тұрғыда қорғала түсті. Кешегі өткен Республикалық педагогтер съезінде

🔷 Президентіміз ұстаздар қауымына зор жауапкершілік жүктелетінін атап өтті. Мектепті ең қауіпсіз орынға айналдырудың маңызды екенін тағы да еске салып, білім беру ұйымдарында орын алған
буллинг, зорлық-зомбылық көрсетуді түбірімен жоюды тапсырды. Осы бағытта жұмыстарды күшейту – басты міндетіміз» — деді қала әкімі.

🔷 Кеш қонақтары патриоттық әндерді тыңдап, ұстаздарды ұлықтаған шәкірттердің өнерін тамашалады.

🔷 Мегаполистің білім беру жүйесі –
30 мыңға жуық ұстаз еңбек ететін үлкен салаға айналып отыр. Қаламыздағы
930 білім беру ұйымы 440 мыңға жуық тәрбиеленушіні, оқушы мен студентті қамтиды.

 

Автор: admin