• 21 ноября, 2024 5:30 пп

ШЫМКЕНТ: ҰЛТАРАЛЫҚ ТАТУЛЫҚ- БАРЛЫҚ ЖЕТІСТІКТЕРДІҢ КІЛТІ

Автор:admin

Окт 1, 2022

Жастардың ұлтаралық татулық дегенді ұғынып, ұлттық, қоғамдық құндылықтардың бағасына жете біліп, заңға бағынуы өте маңызды. Осыған орай  Шымкент қаласы «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен жастар арасында ұлтаралық татулық мәселесіне қатысты түрлі іс-шаралар өткізуді жиі ұйымдастырып жүр.

Кеше аталмыш тақырып аясында жастар арасында кездесу өтті. Сонымен бірге Президенттің халыққа Жолдауы да  кеңінен насихатталды. Негізгі мақсаты- жастар бойында ұлтаралық қатынас мәдениетін қалыптастыру, адамгершілік, басқаларды құрметтеу сияқты адами қасиеттерді бойларына сіңіру.

Тәуелсіз Қазақстанның стратегиялық бағ­дар­­ламасында әлеуметтік өркендеудің жаңа ме­жесі ретінде 2050 жылға дейінгі уа­қыт ара­лығын қамтуы бекерден-бекер емес. Өрке­ниет­ті елдердің даму үлгісінде мұндай ұзақ мер­зімді даму бағдарламасын қабылдау бар. Дәл осын­дай бағдарламаны ғаламдық саяси инс­ти­тут БҰҰ қабылдаған. «2050 жылға дейінгі өркениеттер дамуының әлемдік даму тенденциясы» – деп аталады. Сондай-ақ, «Дүниежүзілік азық-түлік ұйымы 2050 жылға дейінгі даму бағ­дарламасын» жариялаған. Қазақстан Республикасы 2050 жылға қарай әлемнің дамыған 30 елінің қатарына кіруді межелеп отыр. Бұл ғылыми негізделген қаржылық және кадрлық ресурстармен тия­нақталған қол жеткізуге мүмкіндіктеріміз бар мақсаттар. Стратегиялық бағдарламаны жү­зеге асыруда әрбір қазақстандық азаматтың еншілес үлесі бар. Жастармен кездесуге Шымкент қаласының дін істері басқармасы «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің теолог маманы Аманкелді Нұрдәулет, Шымкент қаласы Ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ-нің эксперті Жұмабаева Балнұр және МКҚК М.Өтебаев атындағы жоғары жаңа технологиялар колледжнің студенттері қатысты.

Жиында «Жастар арасында ұлтаралық татулық»,«Жат ағымдардың сыртқы көрінісіндегі және мінезіндегі өзгешіліктері, олардың алдын алу жолдары» атты  тақырыпта сөз қозғалып,  оның мән-мағынасы түсіндірілді.    Халықтың бірлігі — Қазақстанның барлық жетістіктерінің кілті екендігі айтылды.   Өйткені,  ұлтаралық қатынас мәдениеті ұлттардың айырмашылығына,  тіліне, салт-дәстүр, әдет-ғұрыптарына құрметпен қарауынан басталады.

-Бейбітшілік пен тұрақтылық — жалпы халықтық жетістік. Көзі ашық, көкірегі ояу жастар мұны жақсы түсінеді. Сондықтан бүгінгі таңда татулықты сақтап, ұйып отырған бірегей мемлекетіміздің тыныштығы мен берекесін арттыру жолында қызмет етуіміз керек -деді ұйымдастырушылар

Жиналғандар жастар мәселесіне қатысты нақты ұсыныстарын айтып,   қойылған сұрақтарына  толыққанды жауап алды.

Jsk ақпарат

Автор: admin