• 23 ноября, 2024 4:57 пп

Шымкент өңірлер арасында инвестиция тарту бойынша 2-ші орынға көтерілді!

Автор:admin

Июл 14, 2023

Шымкент қаласының жалпы өңірлік өнімінің көлемі 1,5 трлн теңгені құрап, 0,8% өскен. Жалпы өңірлік өнімнің негізгі үлесін өнеркәсіп (25%), сауда (19%) және жылжымайтын мүлік (12%) құрады. Өңірлер арасында Шымкент жеңіл өнеркәсіп, фармацевтика және құрылыс индустриясы бойынша көшбасшы атанды. Дегенмен, өнеркәсіп өндірісі 1,1%-ға төмендесе, сауда саласы керісінше 2,5%-ға өскен, инвестиция көлемі де 40,9%-ға артып, өңірлер арасында Шымкент 2-ші орынға көтерілді. Бүгінгі таңда шағын және орта бизнестің белсенді субъектілерінің саны 69,9 мыңға жетті. Кәсіпкерлік саласында 166 мың адам жұмыс істеуде. ШОБ тарапынан 699,1 млрд теңге сомасында өнім өндірілді. Яғни, Жалпы өңірлік өнімнің үштен бір бөлігін шағын және орта бизнес субъектілерінің табысы құрайды. Кәсіпкерлер палатасының қарауына бизнесті қорғау саласы бойынша 309 өтініш қабылданды. Оның ішінде 183 өтініш кәсіпкерлердің пайдасына шешілді. Бұл қаралған өтініштердің жалпы санының 68%-на тең. Сондай-ақ кәсіпкерлердің құқығын қорғау нәтижесінде 3,5 млрд теңге үнемделді. Ол негізінен мемлекеттік сатып алу туралы шарттар бойынша борыштың толық алынбаған сомалары, заңсыз есептелген айыппұл санкциялары, негізсіз әкімшілік айыппұлдар, табиғи монополия субъектілері заңсыз қабылдаған бұйрықтар негізінде заңсыз өндіріп алынған сомалар мен толық алынбаған кірістер. Былтыр санаттар бойынша мемлекеттік сатып алудағы өтініштер 30%, санитарлық нормалар 19%, жер қатынастары 14%, көлік және логистика 13%, салық салу 13%, табиғи монополиялар 3%, қаржы секторы 3% құрады. – Өткен жылы кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау жөніндегі Кеңестің 10 отырысы өткізілді, онда бизнес тақырыбында 15 өзекті мәселе қаралып 8-і кәсіпкерлер пайдасына қарай оң шешімін тапса, қалған өтініштер әлі қаралуда. Мәселен, «ҚТЖ – Жүк тасымалы» АҚ заңсыз қабылдаған бұйрықтың күшін жойылды, яғни монополиялық жағдайды теріс пайдаланудағы кінәсі дәлелденді. Сонымен бірге тармақ иеленушілерге тепловоз қызметі үшін қосымша ақы төлеуді жүктейтін вагондарды беру-алу шарттарына қосымша келісімдер кері қайтарылды. «Болашақ инжиниринг» және «Альфа плат» ЖШС-не заңсыз есептелген өсімпұл алынып, мемлекеттік сатып алу туралы шарттар бойынша борыш сомасы өтелді. Қалалық жолаушы тасымалдаушылармен шарттарды бұзу туралы берілген хабарламалардың заңсыздығы анықталды. Бас мемлекеттік санитариялық дәрігердің көлік компаниялары есебінен жүргізушілер мен кондукторларды ПЦР тесттерден өткізу туралы талаптары негізсіз деп танылды. Бұдан басқа, жергілікті өкілді және атқарушы органдардың 31 нормативтік құқықтық актілерінің жобасы қаралып, 7 сараптамалық қорытындыға ескерту берілсе, 13 материал толықтыруға кері қайтарылды, – деді Н.Қабыштаев. Кәсіпкерлер палатасы директорының айтуынша бизнес өкілдерін мемлекеттік және басқарушылық істе түрлі шешімдер қабылдау процесіне қатыстыру үшін нормативтік құқықтық актілерінің жобаларын қарау бойынша (мәселен, әлеуметтік маңызы бар тауарлар бағасының шекті мәндерін бекіту, мал шаруашылығын субсидиялау, жолаушылар көлігінің кешенді схемасына байланысты мәселелер) 3 қоғамдық тыңдау өткізілді.

Jsk ақпарат

Автор: admin