Тәуелсіздік еліміздің ішкі мүмкіндіктерін ашуға, оның әлемдік экономикалық жүйеге қосылуына, бұрынғыдай Кеңес Одағының құрамындағы шеткері бір өңір емес, Еуропа мен Азияны байланыстырушы кіндік ел болуына қызмет етуде. Бұл жағдай ел халқын үлкен өзгерістерге бастап, кенжелеп дамуымыздағы көп ғасырлық мешеуліктің көбесін сөкті. Демек орналасқан географиялық орнына байланысты Қазақстанның қазіргі жедел дамуының бір сыры – салынып жатқан инфрақұрылымдарда, яғни экономикалық ағзамызға қан жеткізіп, оны сыртпен байланыстыруға сенімді жол ашатын тәуелсіздік магистральдарында тұр деп есептейміз.
Енді осы бойынша атқарылып жатқан жұмыстарға келейік. Сөз болып отырған «Нұрлы жол» бағдарламасының аясында республикалық маңыздағы автокөлік жолдарын салуға баса көңіл бөлінген. Еліміздегі жалпы пайдаланудағы 96,3 мың шақырым жолдың 23,9 мың шақырымын республикалық маңыздағы жолдар, қалғанын жергілікті маңыздағы жолдар құрайды.
2010 жылдан бері республикалық маңыздағы жолдардың 5 мың шақырымы күрделі жөндеуден өткізіліп, қайта жаңғырды. Соның нәтижесінде аталған жолдардың 85 пайызының сапасы қанағаттанарлық деңгейге жеткізілді. Мұның сыртында, елімізде Батыс Қытай – Батыс Еуропа жолының салынғандығы белгілі.
Енді 2017-2020 жылдар аралығында 4,4 мың шақырым жол қайта жаңғыртылатын болады. Осы мақсатта әзірленген 23 жобаның жалпы құны 1,7 трлн теңге тұрады. Бұл қаржының 356,2 млрд теңгесі биылғы жылдың жұмыстары үшін бөлінген еді. 1 қарашадағы мәлімет бойынша қаржының 223,6 млрд теңгесі игерілді. Игерілген қаржының тең жартысы Ұлттық қордан алынғандығын айта кеткен жөн. Шымкенттегі Сәуле шағын ауданы, 276-орам тұрғындарын сапалы электр қуатымен қамту жұмыстары 2021 жылы басталған болатын. Бүгінде құрылыс толығымен аяқталып, жекеменшік желіден электр қуатын тұтынып келген тұрғындар мәселесі шешімін тапты. Енді олар 1 кВт электр энергиясы үшін бұрынғыдай 28 тг емес, 16 тг төлейтін болады.
Мұнда 918 электр бағанасы орнатылып, 72 шақырым электр желісі тартылды. Нәтижесінде 1300-ден астам абоненттің мемлекеттік жарықты қолдануына мүмкіндік туды.
Осындай ізгі іске ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары: Берік Бекжанов, Берік Оспанов, Фахриддин Қаратаев пен Мұратәлі Қалмұратов, сондай-ақ қоғам белсенділері мен БАҚ өкілдері куә болды. Ал, халық жүрекжарды лебіздерін жолдап, алғыс айтты.
Жалпы 276-орамды инфрақұрылыммен қамту жұмыстары қарқынды. Өткен жылы ауыз су құбырларын тарту аяқталған. Ал биыл табиғи газ жеткізуде 28 шақырымдық құбыр орнатылып, құрылыс жұмыстары жыл соңына дейін аяқталады деп жоспарлануда.
Jsk ақпарат