• 22 ноября, 2024 1:32 дп

Шәкірт жүрегіне жол тапқан Ұлағатты ұстаз

Автор:admin

Фев 19, 2024

Қай заманда болсын, ұстаздарға құрмет жоғары болған. Бүгіннен немесе кешеден ғана ұлы мамандық иелеріне құрмет көрсетіліп келе жатқан жоқ, ықылым заманнан бері ұстаздықтың шоқтығы биік тұр. Ұрпақ болашағы, халқымыздың келешегі қазіргі ұстаздардың қолында. Тәуелсіз ел атанып, төбемізге ту тігіп, тіліміздің мәртебесі артып, әлемге атымызды танытып жатқан кезеңде ұлттың, елдің болашағы-жас ұрпақ тәрбиесіне де мықты көңіл бөлінуде. Осы егеменді, тәуелсіз Қазақстанда өркениетке бастар жолдың бастауы мектеп десек, мектептің басты тұлғасы, жүрегі-мұғалім. Бүгінгі кейіпкеріміз Шымкент қаласы Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев атындағы жалпы орта мектебінің тарих пәнінің мұғалімі Камрадинов Ержан. Салада 2012 жылдан бері қызмет етіп, шәкірт тәрбиелеу үстінде айтарлықтай жетістіктерге жетіп үлгерген мамандардың бірі. Жас маман дәстүрлі мұғалімдер арасындағы олимпиада да жүлделі орын алып, білім басқарамасы басшысының алғыс хатында алып үлгерген. Өткен жылы Қаратау ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыруымен «Тәуелсіздік күні» мерекесіне орай «Тәуелсіз елдің перзентімін!» атты эссе байқауында жүлделі ІІІ-орын иеленіп, «Ұшқыр ой алаңы» республикалық дебаттық турнирінің іріктеу кезеңдерінің жеңімпаздарын дайындағаны үшін дипломмен марапатталған. Жаһандану заманында ұлттық бәсекеге қабілетті болудың көрсеткіші – білім деңгейімен өлшенеді. Сондықтан, әлемдік білім кеңістігіне кірігіп, білім беру жүйесін халықаралық биікке көтеру кезек күттірмейтін өзекті мәселе. Бұл мәселені шешудің кілті — ұстаздардың қолында екендігі сөзсіз. Осы орайда мұғалімінің шәкірттері де құр алақан емес, Satbayev University “TECHNO CUP – VII” Халықаралық пікірсайыс турнирінен 3-орын, “YASAWI SCHOOL CUP” атты Республикалық пікірсайыс турнирінде ІІ орын иеленіп, оқушыларының бірі 50% оқу грантының иегері атанды, Алматы қаласында өткен ZHANA TOLQYN CUP I республикалық турнирінде АПФ форматы бойынша 1-орын иеленді және де Астана қаласында өткен «El Umiti Cup 2023» Ұлттық пікірсайыс турниріне үздік шәкірттерді қатыстырып, жетекшілік, әрі белсенді көрсеткіні үшін ал,ыс хаттармен марапатталған. Мұғалім әрқашан өз білімін арттырып, біліктілігін шыңдап отыру керектігін ескерсек, Камрадинов Ержан балаларға қосымша білім беру бағдарламасын іске асыратын ұйымдардың педагогтері мен бейіні бойынша мамандарына арналған: «Дебаттар: бұқаралық пікірсайыс жүргізу теориясы мен тәжірибесі негіздері» тақырыбы бойынша және «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығының «Тарих пәні мұғалімдерінің пәндік құзыреттіліктерін дамыту» жөнінде біліктілік арттыру курстарынан сәтті өткен мұғалімдердің қатарында.

Автор: admin