Қаламызда жалпы 1000 автобус бар. Оның 640 газ-метанмен, ал 360 дизельмен жүреді. Қазіргі жағдай бойынша жалпы 78 маршрута 789 кестемен 12 тасымалдаушы компания қызмет көрсетеді. Әлеуметтік мәні бар, субсидиялық маршруттар саны 64-і құрайды.
Электронды «Төлем» жүйесі бойынша 240мың төлем карта сатылды және қазіргі уақыттағы транзакция 300 мыңнан кем емес.
Ал Ikolik қосымшасы бойынша 90% қоғамдық көлік ендірілді. Қазір қосымшаның 200 мыңнан астам қолданушысы бар.
Мемлекеттік сатып алу
Мемлекеттік сатып алу бойынша 156 жаңа нысанның 96-сымен маусым айында келісімшарт түзілді. Ал қалған 60-ына мемлекеттік сатып алу конкурсы жүргізілуде.
Шымкент қалалық мәслихат депутаты, “AMANAT” партиясының фракция мүшесі Аширбаев Байкен Аширбайұлының парақшасынан.