• 21 ноября, 2024 1:10 пп

Электр желілеріне технологиялық қосылу

Автор:admin

Июн 17, 2021
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2020 жылғы 23 қыркүйектегі № 327 бұйрығымен энергия беруші ұйымдардың электр желілеріне технологиялық қосылу қағидалары (бұдан әрі — қағидалар) бекітілді. Олар «Электр энергетикасы туралы» ҚР Заңына сәйкес әзірленген және 200 кВт дейінгі кәсіпкерлік субъектілерінің электрмен жабдықтау объектілерін энергия беруші ұйымдардың электр желілеріне технологиялық қосу тәртібін айқындайды. Қағидаларда электр желілеріне қосылу процесін барынша жеңілдету үшін жаңа объектілерді қосуға қағидатты түрде жаңа көзқарас көзделеді. Технологиялық қосылу үшін өтініш беруші немесе оның өкілі осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша кәсіпкерлік субъектілерінің белгіленген қуаты 200 кВт дейінгі электр қондырғыларын энергия беруші ұйымдардың электр желілеріне технологиялық қосуға өтініш береді. Қолданыстағы заңнаманың талаптарына сәйкес қажетті техникалық құжаттаманы алу, құрылыс жобасын іске асыруды тұтынушы мамандандырылған ұйымдарды (жобалау, құрылыс-монтаждау және т.б.) тарта отырып, дербес жүзеге асырады.

 

Қағидаларын желілерге технологиялық қосылу электр желісі ұйымымен келісім жасасу арқылы жүзеге асырылатыны көзделген. Технологиялық қосылу үшін энергия беруші ұйым кәсіпкерлік субъектілерінің белгіленген қуаты 200 кВт дейінгі электр қондырғыларын энергия беруші ұйымдардың электр желілеріне технологиялық қосудың үлгілік шартына сәйкес өтініш берушімен шарт жасасады. Айта кету керек, бұл қызметтер нарығындағы мүлдем жаңа бағыт «кілтке қосылу». Осындай келісім жасалғаннан кейін тұтынушы электрмен жабдықтауға қол жеткізудің барлық техникалық және құжаттамалық ерекшеліктеріне тап болмайды. Энергия беруші ұйым өзінің электр желілеріне технологиялық қосылуды жүзеге асыру бойынша өзіне міндеттемелер қабылдайды, ал кәсіпкерлік субъектісі технологиялық қосылуға арналған шығындарды төлеуге міндеттенеді. Барлық қажетті іс-шараларды (техникалық құжаттаманы ресімдеу, құрылыс жобасын жасау, құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізу, сынақтар жүргізу және т.б.) электр желісі ұйымы басынан бастап тұтынушының электр қондырғыларына электр энергиясын беруге дейінгі өзіне алған міндеттемелер шеңберінде жүргізетін болады. Бұл ретте тұтынушы барлық жұмыстарды дербес жүргізген жағдайда қолданыстағы механизм заңды және таңдау құқығы тұтынушыда қалады.

Қағидалардың 3-тармағына сәйкес, технологиялық қосу мынадай жағдайларда жүзеге асырылады:

1) жаңадан іске қосылатын немесе реконструкцияланатын электр қондырғыларын қосу;

2) ең жоғары қуаты 200 кВт-қа дейін ұлғайтылатын бұрын қосылған электр қондырғылары;

3) сыртқы электрмен жабдықтау схемаларын өзгерту;

4) электр қондырғыларын электрмен жабдықтау сенімділігі санатының өзгеруі;

5) электр қондырғыларын қосу нүктесінің өзгеруі.

Тұтынушылардың назарына энергия беруші ұйымнан салынған электр желілерін өтініш беруші Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы Заңның 11-тарауына сәйкес қабылдайтынын естеріңізге саламыз.

Қағидалармен Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігінің «ӘДІЛЕТ» Нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесінде танысуға болады.

Орындаушы: Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Шымкент қаласы бойынша аумақтық департаменті бас маманы: Тұрсынхожаев Ж. 

Автор: admin