Электр қондырғыларының техникалық қауіпсіздік ережелерін сақтау

Ақпарат

2019 жылы 22 тамызда Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Шымкент қаласы бойынша аумақтық департаментінің өкілінің қатысуымен «3-Энергоорталық» АҚ-ның электр техникалық персоналға «Электр қондырғыларының техникалық қауіпсіздік ережелерін сақтау» бойынша нұсқама жүргізілді.

Электр техникалық персоналға электр қондырғыларын жұмысқа қабілетті күйде ұстау, уақытында және сапалы техникалық қызмет көрсету, жоспарлы-алдын алу жөндеулері, электр қондырғылары мен электр жабдықтарын сынау, жаңғырту және қайта құру қажеттігі туралы, сондай-ақ жұмысшыларды мерзімдік медициналық тексеруден өткізу, еңбек қауіпсіздігі, өрт және электр қауіпсіздігі жөніндегі нұсқауларды электротехникалық және электр технологиялық персоналға өткізу қажеттігі туралы нұсқамалар жүргізілді.

ЖСК ақпарат