• 2 августа, 2025 11:32 пп

Қазақстандағы мажоритарлы сайлаудың әсері

Автор:admin

Июл 18, 2025

Мемлекет басшысының соңғы 3 жылғы реформаларының нәтижелерін Президент жанындағы Стратегиялық зерттеулер институтының (ҚЗСИ) сарапшылары талқылады. Осы орайды Түркістан облысында сайлау жүйесі орталықтандырылған мажоритарлы жүйеге өткен. Талқыланған реформаның бірі – қайта енгізілген Мажоритарлық сайлау туралы болды, деп жазады Jsk.kz ақпараттық агенттігі. Еске салайық, 2022 жылы қабылданған маңызды саяси реформалардың бірі – Мәжіліс пен мәслихаттарға депутаттардың бір бөлігі мажоритарлық жүйе бойынша сайлану мүмкіндігіне қайта ие болғаны еді.   Мажоритарлық сайлау жүйесінің енгізілуі – саяси жүйені қайтадан бәсекелестікке, азаматтардың қатысуына және дауыс беру нәтижелерін есепке алуға жол ашты. Сайлаудың бұл жүйесі азаматтарға тікелей саяси қатысу мүмкіндігін ашатыны мәлім. Яғни, Мәжіліс пен мәслихат депутаттығына өз кандидатурасын ұсыну үшін азаматтардың міндетті түрде саяси партияға мүше болуы шарт емес. Сөйтіп, Қазақстан азаматтары өздерінің сайлану құқығын жүзеге асыру мүмкіндігін қайта алды, бұл оларды қоғамдағы партиялар спектрімен шектемейді. 2023 жылғы Мәжіліс сайлауында 30% мандат, яғни 29 депутаттық орын мажоритарлық жүйе бойынша сайланса, осы 29 орынның 7-еуі – өзін-өзі ұсынған кандидаттар, ал 22-сі – «Amanat» партиясының мүшелері. Өзін-өзі ұсынған бірмандаттық депутаттар саны НПК (5 депутат) және ОСДП (4 депутат) сияқты партиялық тізімдер арқылы өткен кандидаттар санынан асып түскен. Осылайша, сайлау жүйесін реформалау азаматтарға ұлттық және өңірлік деңгейлерде пассивті сайлау құқығын жүзеге асыруға мүмкіндік берген. «Мәслихат депутаттарын сайлау – 2023: ерекшеліктер мен үрдістер» атты монография авторларының мәліметтерінше облыстар мен Астана, Алматы, Шымкент қалаларының мәслихаттарына бірмандаттық округтер арқылы сайланған депутаттардың 297-сі партия мүшелері болып шықты, яғни 334 орынның 88,9%-ын иеленді. Бұл ретте кандидаттардың жалпы саны бойынша партияға кірмейтіндер үлесі жоғары болған – 63,1% қарсы 36,9%. Айта кетсек, қалалық және аудандық мәслихаттар деңгейінде де осындай үрдіс байқалған – бірмандаттық округтер бойынша өзін-өзі ұсынған кандидаттар партиялық үміткерлерден көп болған. Түйіндей айтқанда, қоғам қолдаған Мажоритарлық сайлау реформасы – басты оң өзгерістердің бірі. Мемлекет басшысы Қазақстан халқына жолдауында елді одан әрі саяси жаңғырту мақсатында сайлау жүйесінің пропорционалды-мажоритарлық моделін енгізу керектігін айтты. Бұл ретте  70/30 қатынасында Мәжіліс құрамы аралас жүйе арқылы құрылады, яғни депутаттардың 70%-ы партиялық тізімдер бойынша, 30%-ы мажоритарлық жүйе  бойынша сайланады. Сондай-ақ облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың мәслихаттарына кандидаттардың 50% мажоритарлық, 50% партиялық тізімдер бойынша, аудандар мен қалалардың мәслихаттарына мажоритарлық жүйе бойынша сайланады. Жалпы сайлау жүйесіндегі мұндай саяси өзгеріс қандай нәтиже береді? Бұл модель халықтың сайлауға деген сенімін қайта оятуға әсер ете ме?  «Бұл бір жаңашылдық емес, бұл біздің тәжірибемізде бар нәрсе. Сондықтан да эмоцияға салынбай, меніңше қоғам да түсіністікпен қарауы керек. «Анау алдап кетеді, мынау сатқын, ешкімге сенуге болмайды» дегеннен гөрі мұны іс жүзінде байқап көру керек. Анау да жаман, мынау да жаман деп отыра берсек, өркениетті түрде даму мүмкін болмайды. Бізде 90 жылдардың аяғына дейін мажоритарлық жүйе қалыптасқан болатын. Жалпы сайлаудың бұл тәсілі көптеген елдерде бар. Әсіресе саяси партиялары толық жетіліп, толықтай қоғамдық сенімге ие болып үлгермеген елдерде бұл қолайлы жүйе. Бізде қазір саяси алаңда әзірге 7-8 ғана партия бар. Бірақ оларға деген сенім, олардың бағдарламасына деген түсіністік жоғары деңгейде деп айта алмаймыз. Сондай-ақ, нақты тұлғаны көрмей тұрып, жалпылама партияға дауыс беру ыңғайсыздау. Сондықтан да осындай жүйе енгізіліп отыр.  Мұндай ұсыныс сол 2000 жылдардың басынан бері айтылып келе жатыр. Оның үстіне оппозиция тарапынан да бұрынғы мажоритарлық жүйені жартылай болса да қайтару жөнінде ұсыныстар болды. Яғни мұндағы мақсат сайлауға деген халықтың сенімін қайтару. Сол арқылы қоғам болсын, халық болсын мемлекетті басқарудағы белсенділігін және сенімін арттыруға жол ашылады», — дейді сарапшылар.

 

Jsk ақпараттық агенттігі

Автор: admin