• 27 ноября, 2024 3:14 дп

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРЕЗИДЕНТ САЙЛАУЫН БАҚЫЛАУҒА 76 ШЕТЕЛДІК БАЙҚАУШЫ ТІРКЕЛДІ

Автор:admin

Ноя 1, 2022

 

Орталық сайлау комиссиясы ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауына халықаралық ұйымдар мен шет мемлекеттерден байқаушыларды аккредиттеп жатыр.

«22 қыркүйекте кезектен тыс президент сайлауын халықаралық байқау институты ашылған сәттен бері ҚР Орталық сайлау комиссиясы 4 халықаралық ұйым мен 3 шет мемлекеттен жалпы 76 байқаушыны аккредитациядан өткізді. 31 қазандағы жағдай бойынша Орталық сайлау комиссиясына Сыртқы істер министрлігінен 4 халықаралық ұйым мен 5 шет мемлекеттен 63 байқаушы аккредиттеуге ұсынылды», — деді Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Мұхтар Ерман ОСК отырысында.

Оның айтуынша, 4 халықаралық ұйымнан 54 байқаушы аккредиттеу үшін ұсынылды, оның ішінде ТМД – 31 байқаушы, ТМД қатысушы мемлекеттердің Парламентаралық ассамблеясынан – 10 байқаушы, Ислам ынтымақтастық ұйымынан – 3 байқаушы, ҰҚШҰ Парламенттік ассамблеясынан – 10 байқаушы бар.

5 шет мемлекеттен 9 кандидатура, атап айтқанда Армениядан — 2, Мажарстаннан — 2, Молдовиядан екеу, Ресейден екеу және Швыециядан – 1 байқаушы аккредиттеуге ұсынылды. Аккредиттеу үшін келіп түскен ұсыныстарға қарай, байқаушылар жөніндегі деректер жаңартылып отырады.

Бұған дейін ОСК президент сайлауында дауыс беруге арналған бюллетеньді таныстырған еді. Сонымен бірге, 4 қарашадан бастап сайлаушылар өзі туралы деректерді тексере алады.

Автор: admin