• 23 ноября, 2024 4:02 дп

Қазақстанда такси жүргізушілері мен курьерлерге салық режимі енгізілетін болады

Автор:admin

Дек 5, 2022
Қазақстандағы такси жүргізушілері мен онлайн-сервистердің курьерлеріне қатысты арнайы салық режимі енгізілетін болады. Бұл туралы мәжілістегі үкімет сағатының отырысында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова айтты, деп хабарлайды Jsk.kz ақпарат агенттігі. 

Тамара Дүйсенова өз баяндамасында Қазақстандағы 5 әлеуметтік тәуекелдерден сақтандыруды көздейтін қолданыстағы сақтандыру жүйесі халықаралық стандарттарға және нақты экономикалық жағдайларға сай келетінін атап өтті.

«Бұл жүйе сақталады, бірақ оның мақсатты міндеті өзгереді. Жүйе тек әлеуметтік төлемдер төлеуге ғана бағытталмай, ең алдымен ол азаматтарды формалды түрде жұмыспен қамтылуға ынталандыруды көздейтін болады», — деді министр.

Осы мақсатта Салық кодексіне шағын бизнестің жалдамалы жұмыскерлері үшін бірыңғай міндетті төлемді енгізуге қатысты өзгерістер енгізіледі. Олар үшін салықтық жүктеме келесі жылы 33 %-дан 20 %-ға дейін төмендету қарастырылуда.

Яндекс Такси, Glovo және басқа да онлайн платформалардың көмегімен  жұмыспен қамтылған азаматтар үшін арнайы салық режимі енгізіледі. Бұл ретте салық агенттері тарапынан онлайн платформалар операторларын айқындау ұсынылады, олар осында жұмыс істейтін азаматтар атынан тиісті төлемдерді жүргізеді.

Бұдан бөлек, жұмыскерлерін жазатайым оқиғалардан сақтандыратын жұмыс берушілер үшін  сақтандыру тарифтерін төмендету көзделеді. Ставкілердің ең төменгі және ең жоғарғы дәрежесі белгіленеді және осы дәрежені таңдау өндірістегі жазатайым оқиғалар, жарақат алу және кәсіптік ауруларға қарай анықталады.

«Ставкілерді төмендету бойынша қабылданатын шаралар Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан және сақтандыру компанияларынан төленетін әлеуметтік төлемдердің мөлшерін кезең-кезеңімен ұлғайтумен қатар жүретін болады. Келесі жылдан бастап жұмыссыз қалған азаматтарға жарна төлеу мерзіміне сәйкес 6 айға дейін бұрынғы табысының 45% мөлшерінде Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төлемақы қарастырылған», — деп хабарлады Тамара Дүйсенова.

 

Автор: admin