ҚАЗАҚСТАН ТАБИҒАТЫН БІРГЕ САҚТАЙЫҚ
АСБК 2004 жылы қаланған ұйым.Ассоциация өзінің атын заңды тұлға ретінде Алматы қаласында тіркеді.
Мекеменің міндеті-Қазақстанның жанды табиғатын қорғау.Ғылымдағы жетістіктерді пайдалана отырып,халықтың экологияға деген ойын қалыптастыру.Сонымен қатар халықаралық ұйымдармен бірге жұмыс жасау.
Ассоциация қоршаған ортадағы жан-жануарлар мен өсімдіктер әлеміндегі мәселелерді жан-жақты көтерумен қатар,сол мәселелерді өздері шешеді.
Ұйымда тек қана отандық қызметкерлер ғана емес,шетелдік сарапшылар да жұмыс атқарады.Осының арқасында қазіргі таңда мекеме 100-ден аса жобаларды жүзеге асырды.
Бұл жобаларды орындау барысында ондаған мамандар атсалысты.
Сол арқылы ұйым өз жұмысында заманауи әдістерді пайдаланады.
Мекеме республика бойынша 9 филиал,Астана мен Алматы қаласында 2 кеңсе,Қостанайда “Алты Сай”экологиялық паркін және 47 қызметкерді қамтиды.
*BirdLife International*
BirdLife-табиғатты қорғау саласында қызмет ететін дүниежүзілік альянс.
Альянс АСБК-ны Халықаралық құстарды қорғау ұйымына 2015 жылы қосуға шешім қабылдады.Қазіргі таңда АСБК олардың Орта Азия мен Кавказ аймағындағы жалғыз серіктесі.
Дүниежүзілік альянс құстардың табиғат аясындағы жай-күйін,олардың мекен ететін жерлерін қатаң қадағалайды.
Альянс табиғаттағы құстар дүниесіне әсер ететін факторлар мен мәселелердің туындау себебіне аса мән беруші атақты,әлем бойынша жетекші альянс саналады.
Сонымен қатар ұйымының “Tabigat Media”онлайн-журналы және “Almaty Birdfest”фестиваль деген жобалары бар.
*Соңғы жаңалықтары*:
“Тарғақ”жобасы
“Almaty Bird Fest”фестивалі
Қазақстан құстарының қазақ тіліндегі тұңғыш анықтағышының шығарылымы
Ақбөкен әуесанағының нәтижесі
*Қорытынды*
Жанды табиғатты қорғау қазіргі таңдағы және болашақтағы ең ауқымды мәселелердің бірі болып табылады.Бұл ұйым өздерінің заңдары мен ережелерін үнемі жаңартып отырады.
Ұйым үнемі алға жылғуға,қоғамдық мәселелерді талқылауға,әртүрлі аумақтарды дамыту жобаларын іске асыруға және әлемдік аренаға аяқ басуға қадам жасайды.
Мекеме тірі табиғат аясында туындайтын мәселелердің қаупін азайтуға тырысады.Бұл биоалуантүрлілікті сақтау үшін ең маңызды шешім.
Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер академиясы Компьютерлік технологиялар кафедрасы Медиажурналистика мамандығының 1 курс студенті Ақерке Тұрғанбек