• 10 ноября, 2024 3:09 дп

Қазақстан зорлық-зомбылықсыз ел болуы керек …

Автор:admin

Сен 3, 2024

Соңғы 2-3 жылда зорлық-зомбылыққа қатысты сұмдық жағдайларды естіп жүрміз. Осы мәселелердің шығу себебіне үңілген зерттеу жұмыстары жүргізілді ме? Мүмкін,тұрмыстық зорлық-зомбылыққа алып келетін мәселе есірткіге немесе ішімдікке салыну емес, біз білмейтін психологиялық жарақат шығар. Жалпы, осындай зерттеу жасалып, бір жерде жарияланды ма?

Қалима Сағдатқызы: Ал, енді қоғам белсенділеріне келетін болсақ, журналистер, блогерлер осы мәселені көтеріп, халықпен талқылап, онымен тығыз айналысып жүр. Біздің бір кемшілігіміз – қай салада болсын, мемлекеттік қызметтегі өкілдердің халықтың алдына көп шықпауы. Расымен де, әлеуметтік жағдай мәселенің бір жағы, ал рухани күй – екінші жағы. Осы тұрғыда зерттеулер жүргізіліп жатыр. Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі тарапынан, оның ішінде үкіметтік емес ұйымдар бірнеше зерттеулер жүргізген. Бірақ, олардың нәтижелері бастапқыдағы мәселелерге қайта әкеліп соғады. Сондықтан, бұл жерде заңнамаға өзгеріс енгізу керек немесе мемлекеттік органдардың іс-шараларын нақтылау керек. Мысалы, жеке бір тұлғаға немесе бір отбасына келер болсақ, өгей әке балаға тұрмыстық зорлық-зомбылық танытқан жағдайда, көп аналар балаларына емес, күйеуіне жақтасуға тырысады екен. Бұл, әрине, қорқынышты жағдай. Бұл мәселеде ананың рөлі өте үлкен, аналар балаларына көбірек көңіл бөліп, көп сөйлесуі керек. Мектепте кіммен араласады, көшеде кіммен ойнайды, әлеуметтік желіде отырады ма, осыған  назар аударғаны жөн. Біз де осы мәселелерді халықпен бірге, балалардың психикасына тиіп кетпейтіндей етіп, көбірек айтып, көбірек талқылаумыз керек. Жүргізіліп жатқан зерттеулердің нәтижелерін қарапайым тілмен халықтың арасында қысқа-қысқа етіп көрсетуіміз керек. Мектептерде «саналы ата-ана қалыптастыру» клубтарын ашып, ата-аналарды шақыртып, психологтар сөйлескені дұрыс. Сонымен қатар, жақында Ұлттық комиссияның отырысында, соңғы кезде неліктен жастар арасында өз-өзіне қол жұмсау көбейіп кеткені жайлы талқыланды. Оның бірден бір себебі, зорлық-зомбылыққа ұшыраған көп қыздар өзіне қол жұмсайды. Осы тұста Ұлттық комиссияның төрайымы Аида Ғалымқызының тапсырмасы бойынша, бұл мәселе 2-3 рет талқыланды. Мемлекеттік органдардың жай ғана берген есебін қайтарып, түпкілікті қарап жатырмыз. «Неге көп істер жабылып қалады, неге жасөспірімдердің психикалық жағдайына қарамайсыздар?» деген сұрақтар бойынша Бас прокуратураға арнайы инструкция жасалды. Әрбір тергеуші әйел мен баланың құқығын бірінші орынға қоюы керек. Олардың психикасына зақым келмес үшін, бір рет сұхбат алғанның өзінде, барлық нәрсені тергеп алуға тырысуы керек.

Jsk ақпараттық агенттігі

Автор: admin