• 11 ноября, 2024 12:50 пп

Қазақстан полициясы, мемлекеттің маңызды әлеуметтік институты

Автор:admin

Май 10, 2024

«Полиция қашанда халыққа үлгі-өнеге болуы керек. Сонда ғана жұрт полицияға сенеді, оны қорған көреді. Өкінішке қарай, тәртіп сақшыларының бәрі бірдей сондай деп айта алмаймыз. Ауыр қылмыс жасаған қызметкерлер анықталып жатыр. Соңғы кезде мұндай оқиғалар жиілеп кетті. Бұған жол бермеуіміз керек және ондай әрекеттерді мүлдем ақтауға болмайды. Осындай жағдайлар бүкіл жеке құрамның жұмысын бір сәтте жоққа шығарады. Ондай адамдарды полиция қатарынан шығару қажет. Олар биліктің абырой-беделін түсіреді. Қызметкерлерін дер кезінде тәртіпке салмаған басшылар мәселесін де қарау керек.» , — деп айтқан болатын Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы. Әлеуметпен тығыз қатынаста әрекет жасаушы полиция қоғамдық үдерістердің мониторингін іске асырады; қоғамдық қатынастардың және институттардың дамуына кедергі жасайтын жағдайларды анықтайды; тұлғаны қорғауды қамтамасыз етуге, тұлға мен қоғамның мүдделерінің теңдігін қолдауға және іске асыруға қатысады; жалпы азаматтардың және қоғамның құқықтық санасының, құқықтық мәдениеттің қалыптасу үдерісіне әсерін тигізеді; оның өзін-өзі ұйымдастыруына және өміршеңдігін бекітуге ықпал етеді. Шымкент қаласының полициясы өкілдері шаһарымыздың тыныштығын күзетіп, қылмыстық істердің алдын алып дер кезінде шаралар көретін құқықтық органдар санатында. Құқық қорғау жүйесінің тұлғасы бола отырып, қазақстандық қоғамның тіршілігін қорғау міндетін орындайды. Полиция қызметінің әлеуметтік табиғаты мен әлеуметтік сипаты осыдан байқалады. Осы орайда, тұлғаның және бүкіл халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, құқығы мен мүддесін қорғау қазақстан азаматтары өмірінің сапасының маңызды элементі болып табылады. Құқықтық, демократиялық мемлекет құру, қоғамды дамыту бірінші кезекте олардың тіршілік қауіпсіздігін қамтамасыз етудің әлеуметтік мәнді қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған. Жалпы, қауіпсіздік тұжырымдамасы, қауіпсіздік түсінігі туралы ой қозғағанда бірінші кезекте полиция туралы еске алады. Бұқаралық мүдденің әрбір байқалуында адамдар барлығын: полицияның жүріс-тұрысынан бастап оның киіміне дейін егжей-тегжейлеп талдайды. Осыған қарамастан, полицияның қоғамдағы абыройы әр қашанда күшті екендігі өте қызықтырады. Әлеуметтік тұрақтылық – бүгінгі күнгі мәдени және әлеуметтік өмірді қамтамасыз ететін айғақтар арасындағы күшті негіздемесінің бірінің болуы полициясыз мүмкін емес. Сондықтан, бұқаралық санаға сіңіп кеткен полиция туралы сан-алуан пікірлердің өзі ақиқатты жасыра алмайды. Қоғам тарихының тамырында белгілі бір парадокс жатыр. «Егер полиция болмағанда? …» деген сұрақтан кейін ондаған сұрақтар туындайды, олардың әр біреуінің өзінің жауабы бар. Осы күнге дейін ішкі істер органдары қызметкерлерінің кәсібі маңыздылығының дәрежесі бойынша қоғамдағы озық позициялардың біріне ие болып отыр. Құтқару және қорғау – полиция жұмысының негізгі мағынасы осы, ал олар үшін ең жақсы сыйлық – азаматтардың сый-құрметі және сенімділігі.

 

Jsk ақпараттық орталығы

Автор: admin