• 18 июля, 2025 10:29 пп

“Қазақстан Халқына” қоры Шымкентте

Автор:admin

Июл 18, 2025
Screenshot

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен 2022 жылы құрылған «Қазақстан халқына» Қоғамдық Қоры жыл сайын өңірлермен, ірі бизнес субъектілерімен және коммерциялық емес ұйымдармен өзара іс-қимыл шеңберінде Қор қызметінің қорытындыларына арналған ұлттық қайырымдылық конференциясын өткізді.

2022 жылы Қордың барлық стейкхолдерлерінің қатысуымен өткен І конференцияда Қор қызметінің жаңартылған тұжырымдамасы мақұлданды, онда Қордың миссиясы, пайымы, қағидаттары мен құндылықтары өзектендірілді.

Screenshot

2023 жылы II Конференция өңірлермен өзара іс-қимылға бағытталды: барлық жергілікті атқарушы органдармен 20 меморандумға қол қойылды, Қордың әрбір өңір бойынша қайырымдылық қызметін көрсететін «Өңірлер картасы» әзірленді.

2024 жылы III Конференция «Самұрық-Қазына» АҚ-мен бірлесіп өткізілді, бұл ретте бизнеспен ынтымақтастыққа және осы компаниялар өз қызметін жүргізетін Өңірлерді дамыту мәселелеріне басты назар аударылды. Негізгі қатысушылар еліміздегі ірі компаниялардың топ-менеджерлері болды.

2025 жылғы «Жүйелік қайырымдылық: Тұрақтылық, серіктестік, мұра» тақырыбындағы IV Конференция: қордың үш жылдық жұмысын жалпылау және оның дамуының жаңа кезеңін бастау ретінде жоспарланған болатын. Ол үш негізгі бағытты қамтиды:

1. Қордың Басқарма Төрағасы Лаззат ЧИНКИСБАЕВАНЫҢ барлық өңірлік азаматтық форумдарға қатысуы, онда жергілікті КЕҰ өкілдері мен жұртшылық үшін Қордың тиісті өңірдегі (Шымкент қаласындағы өңірлік форум 18 шілдеде өтуде — «Шымкент қаласының тұрақты дамуы: азаматтық қоғам институттарының рөлі) жұмысының қорытындылары, сондай-ақ өңірдегі одан әрі жұмыстың негізгі бағыттары ұсынылатын болады;

2. Қордың қолдауымен іске асырылған немесе оның қайырымдылық бағдарламалары мен жобалары шеңберінде ашылған әлеуметтік объектілер бойынша жергілікті БАҚ, блогерлер мен инфлюенсерлер үшін өңірлік баспасөз турларын өткізу;  

3. 2025 жылғы қыркүйектегі конференцияның қорытынды отырысы.

2025 жылғы 17 шілдеде Шымкент қаласында «Қазақстан халқына» Қоғамдық қорының бірінші өңірлік баспасөз туры өтті.

Screenshot

2022 жылдан бастап Қор Шымкент қаласының тұрғындарына жалпы сомасы 12,1 млрд теңгеге қайырымдылық көмек көрсетті. Пресс-тур бағдарламасында Қордың қолдауымен іске асырылған барлық негізгі әлеуметтік нысандарды аралады.

Бағдарламада жоспарланған сапарлар:

Ерте араласу орталығы
“QH Оңалту орталықтары” қайырымдылық бағдарламасы аясында ашылған оңалту орталығы
«Қамқорлық» №8 балаларға арнаулы әлеуметтік қызметтеркөрсету орталығы» КММ базасында Аутизм орталығы
TEN QOGAM әлеуметтік қолдау орталығына «QH үйжағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» (ОТҚ)жобасы аясында бару
«Көмекші мектеп-интернат» КММ
«Тұсау кесер» жобасы аясында ашылған спорт залы.

Автор: admin