• 31 октября, 2024 1:34 дп

«Қазақстан-2050» стратегиясы даму мен қарыштаудың даңғыл жолы!

Автор:admin

Май 25, 2022

Тәуелсіз Қазақстанның тұрақты дамуы ұзақ мерзімді мемлекеттік бағдарламалардың тиімді жүзеге асуында екендігі баршамызға мәлім. Сол секілді әр мемлекеттік бағдарламаның осы жолда жүзеге асыратын негізгі функциялар тізбегі болады. Еліміз 2050 жылға дейін кезеңдеп жаңа міндеттерді стратегиялық маңызы бар жоспарлар арқылы шешу принципін қарастырған. Стратиегиялық көз-қараспен қарайтын болсақ үкімет бірінші бюджет саласына көңіл бөлетін болады. Ұзақ мерзімді перспективаның бір бөлшегі экономика саласын әртараптандырып инфрақұрылымды дамыту жалпыұлттық реформаларға қарай бағытталатын болады. Екіншісі салық саласы. Жаңа технологиялар мен өндіріс обьектілері үшін қолайлы салық енгізу жоспарланған. Келесі  5 жылдықта мемлекетіміз электронды жүйенің есептік режиміне толығымен көшіп болуы тиіс. Жаңа салық саясаты қоғамдық-әлеуметтік бағытта дами түспек. Үшінші қаржылай-кредиттік бағдарламалардың үйлесімді жұмыс атқаруында. Президент әкімшілігі мен Ұлттық банк экономиканы қажетті ақша ресурстарымен қамтамасыз етуі тиіс. Төртінші, әлеу­меттік саясаттың жаңа принциптерінің бірі- әлеуметтік кепілдіктер мен жеке жауапкершілік. Бұл қоғамдағы тұрақтылықтың ең басты кепілі. Қазақстан 2050 стратегиясындағы алды­мызға қойылған міндеттерді жүзеге асыру үшін, билік басындағылардан бастап қатардағы аза­маттарға дейін еліміздегі әлеуметтік әділет­ті­лік пен әлеуметтік қамтамасыз етуге деген көзқарасымызды өзгертуге тиіспіз. Бүгінгі таңда кез келген мемлекеттің абыройы мен бе­делі халқының әлеуметтік жағдайымен өлшенетіні белгілі. Осы ел тұрғындарының назарына ұсынылған ауыл-аймақтардың әкімдерін сайлау сияқты азаматтық қоғам­ды дамыту істерінің маңызы зор. Елбасы басты назарда ұстап отырған ауыл-шаруа­шылығының өркендеуіне қолдау көр­сету, егістік алаңын ұлғайту, әлемдік дең­гейдегі мал­шаруашылығы қалыптарына (стан­дарт­тарына) сәйкес жем-шөп базасын құру, эко­логиялық таза өндіріс саласын дамыту мә­селелерін де орынды көтерген. Сонымен қатар, жер өңдеу мәдениетін өзгерту, ауыл еңбеккерлерінің жаңа буынын қалыптастыру, жаңа ғасырдың әлемдік нарығының сұра­нысына лайықты агроөнеркәсіп кеше­нін да­мыту сияқты жолдауда көтерілген өзекті жобалардың маңыздылығы жоғары шынымен ел шырайын келтіріп ауылдың гүлденуіне тірек болатын болашағы зор жобалар.

Jsk ақпарат

Автор: admin