• 21 ноября, 2024 8:41 пп

Қазақ жазуының латын графикасына негізделуі!

Автор:admin

Июл 17, 2022

Тұжырымдамада қазақ жазуын латын графикасы негізіндегі жаңа ұлттық әліпбиге көшіру қажеттігі негізделіп, Түркия, Әзербайжан, Өзбекстан, Түркіменстан мемлекеттерінің латын әліпбиіне көшкен тәжірибесі ескеріле отырып, латын негізіндегі әліпбиге көшудің кезеңдері мен механизмдері айқындалады. Тұжырымдама мемлекеттік мақсатты бағдарлама жасауға, сондай-ақ қазақ жазуын латын әрпіне көшіру үшін оңтайлы жағдай туғызатын құқықтық-нормативтік актілер жасауға негіз болады. — Қазақ жазуын жаңа әліпбиге көшіру бағытында қолайлы жағдайларды қалыптастыру үшін мемлекеттің тілдік, мәдени, ұлттық, ғылыми, білімберушілік және ақпараттық саясатын жетілдіру; — қазақ жазуын латын графикасы негізіндегі жаңа ұлттық әліпбиге көшірудің тілтанымдық негіздерін жасау: жаңа әліпби жобасы, жаңа әліпби негізіндегі қазақ жазуының жаңа емле ережелері, жаңа орфографиялық сөздік, жаңа әліпби негізіндегі қазақ ономатикалық кеңістігі атауларының стандарты, жаңа әліпби негізіндегі әлемдік ономастикалық кеңісті атауларының стандарты, кирилл қарпінен латын графикасына көшіретін графикаалмастырғыш-IT-қосымшалар мен бағдарламалар, жаңа әліпбиді түрлі әлеуметтік топ өкілдеріне үйретуге арналған бастапқы оқулықтар мен оқу құралдары сияқты реформаның тілтанымдық негізін құрайтын әлеуметтік маңызы мен қоғамдық сұранысы жоғары өнімдер дайындау. Бұл үшін осы мәселе бойынша жоғарыбілікті ғылыми кадрлар шоғырланған Республикадағы ғылыми, ғылыми-әдістемелік орталық – Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитеті Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтына жазу реформасының тілтанымдық негіздерін жасауда ресми түрде жетекшілік рөл беру, әлуетін көтеру; — қазақ жазуын жаңа әліпбиге көшірудің технологиялық алғышарттарын қалыптастыру үшін жаңа компьютерлік техника мен ақпараттық технологияларды қолдану және латын графикасы негізінде Қазақстанның әлемдік IT-кеңістігіне енуі процесін жеңілдетуді қоса жүргізу; — әлем елдеріндегі латын графикасына көшу үрдісіндегі істәжірибелерін есепке ала отырып, латын графикасына көшудің қазақ ұлттық моделін қалыптастыру; — қазақ жазуын латын графикасына көшіруді ұйымдастырудың әдістемелік және экономикалық тетіктерін жасау; мәдени және адами әлеуеті мол Қазақстанның болашақтағы дамуы жаһандану үрдісіне, өз бет-бейнесін сақтай отырып, тереңдей, кең ауқыммен енуіне және рухани жаңғыруына байланысты. Бұл мәселеде қазақ жазуын латын графикасы негізіндегі жаңа әліпбиге көшіру маңызды рөл атқарады.

Jsk ақпарат

Автор: admin