• 3 декабря, 2024 5:42 пп

Қазақ жазуын латын грфикасына көшіру жаңа мүмкіндіктерге жол ашпақ!

Автор:admin

Июл 18, 2022

Қазақ жазуын латын графикасына көшіру қазақ және орыс тілдері арасындағы қарым-қатынастарының жаңа қырынан ашылуға мүмкіндік туғызады. Келешекте бұл шара қазақ жазуы тұғырының нығаюына алып келетіні анық, бірақ жақын, таяу уақыттарда орта және аға буын өкілдерінің латын графикасын меңгеруінде қиындықтардың тууына әкеліп, бұның қазақи ұлттық этностық ортада белгілі бір қайшылықтар туғызуы мүмкін екенін ерекше ескеріп, алдын алу шараларын ұйымдастыру абзал. Жалпы алғанда, орыстілді азаматтардың (қазақтардың біраз бөлігін қосқанда) Қазақстанда орыс тілі жойылады деп қауіптенуі орынсыз. Біздің елде қазақ жазуы мемлекеттік тіл мәртебесіне ие, ал орыс тілі мемлекеттік мекемелермен және өзін-өзі басқару органдарында ресми түрде қазақ жазуымен қатар қолданылады. Қазақ тілінің жазуын латын графикасына көшіру қазақ және орыс тілдерінің мәртебесіне ешбір кері әсер етпейді деген дұрыс ақпаратты кеңінен насихаттау тиімді. Жалпы, тәуелсіздікке қол жеткізген кезеңнен бүгінге дейінгі экономикалық тұрақтылық жылдары мен мемлекеттік тілге қатысты қолданған либералдық (төлеранттық, төзімділік) саясаты өз жемісін беріп, бүгінде мемлекеттік тілдің мәртебесін нығайту, қолданыс аясын кеңейту, мәдениетін арттыру, мемлекеттік тілдегі кеңістіктің ауқымын ұлғайту мен мазмұнын жақсартуға қатысты қоғамның талап сұранысы жыл сайын қатты артып келеді. Сондықтан жазу реформасының сәтті жүзеге асырылуы үшін тіл саясатының институционалды формасына елеулі өзгерістер енгізіп, қазақ тілінің мемлекеттік мәртебесін де-факто орындауды ресми талап арқылы нормативтік тұрғыдан жүзеге асыру керек. Қазақ жазуын латын графикасын көшуі барысында туындайтын басты мәселе – бұл болашақ ұрпақ үшін қазақ халқының кирилл қарпі негізінде жазылған бай мәдени мұрасын сақтап қалу. Кирилл қарпімен жарық көркем әдебиет шығармалары, халық өнері, тарихы, мәдениеті бойынша шығармалары, әлемдік әдебиеттің қазақ тіліне аударылған туындылары, энциклопедиялар, публицистика және т.б. түгелдей латын графикасының негізінде қайта шығарылуы тиіс. Өйткені, бұл шаралар іске асырылмаса, ұрпақтар арасындағы мәдени сабақтастық үзіліп, қазақ мәдениетінің дамуына нұқсан келтіруі мүмкін. Мәдени мұраны сақтап қалу, біріншіден, болашақта гуманитарлық бағыттағы мамандық иелерін ЖОО-да кирилл графикасы негізінде оқу және жазуға үйрету.

Jsk ақпарат

Автор: admin