• 24 ноября, 2024 4:49 пп

Қазақ тілі үшін – латын әліпбиі ең қолайлы!

Автор:admin

Окт 11, 2022

Ахмет Байтұрсынұлының «Ұлттық сақталуына да, жойылуына да басты себеп – тілі» деген сөзін негізге алсақ, біздің тарихи жолымыз қазақ тілінсіз қазақ ұлтының ертеңі қараңғы екенін ұғынамыз. Қазақ халқының ең басты байлығы тілі, жері, тарихы екенін біле тұрып, оларды қорғау үшін бар күш-жігерімізді салмасақ, біздің ата-баба алдындағы міндетімізді орындамаумен тең. Ал ертең тіліміздің бір үлкен тарихи толқынға жұтылып кетпесі үшін, бүгін латын графикасына көшуіміздің терең астары бар. Яғни, алпауыт империялардың құрасауында олардың болмысына сіңіпи кетпес үшін, өздігімізді сақтау үшін біз толықтай күшімізді латын аліпбиіне өтіп, өз тіліміздің ерекшеліктерін сақтауымыз тиіс. Әлбетте, біз сөзімізге дәлел ретінде тілші ғалымдарымыздың теориялары мен гипотезаларын ұсына алмақпыз. Себебі, тек саланың нағыз мамандары ғана бұл шешімнің қаншалықты маңызды екенін түсіндіре алады. Әліппе – сауаттылық пен сөйлеуді дамытудың алғашқы құралы екені бәрімізге белгілі. Әлбетте, әр ел өз елінің ерекшеліктеріне қарай жазу үшін ең ыңғайлы және тиімді тілдік әліпбиді таңдайды. Қазақ тілі үшін бұл – латын әліпбиі. Біздің заманымыздың латын әліпбиі екенін ескеру керек. Ол бірінші ғасырда қалыптасты және орта ғасырларда Еуропаға, Америкаға, Азияға және Африкаға тарады. Х ғасырдың соңы ХХ ғасырдың басына дейін, яғни 1929 жылға дейін Қазақстанда араб әліпбиі 900 жыл бойы қолданылды. ХХ ғасырдың басында Ахмет Байтұрсынұлының ұсынысымен қазақ фонетикасының ерекшеліктерін ескере отырып, араб графикасына негізделген «төте жазу» қолданыла бастады. Дегенмен 1929 жылы 7 тамызда КСРО Орталық Атқару Комитеті мен КСРО Халық Комиссарлары Кеңесінің Президиумы жаңа латын әліпбиін — «Біртұтас түркі әліпбиін» енгізу туралы шешімқабылдады. Сонымен латын әліпбиіне негізделген жазу жүйесі 1929-1940 жылдар аралығында қолданып, кейіннен кириллицаға ауыстырылды. 1940 жылы 13 қарашада «Латындандырылған қазақ әліпбиін орыс графикасына негізделген жаңа әліпбиге ауыстыру жайлы» заңнама қабылданды. Жалпы қазақ тілі әліпбиінің өзгеруі туралы тарихи кезеңдер осы уақыттарды қамтиды. Соңғы уақытта латын графикасына көшу туралы көптеген пікірлер айтылып жүр. Бұл мәселеде де қайшылықтар бар. Алайда, диалектика заңдары бойынша қайшылықсыз даму болмайды. Сондықтан бұл табиғи құбылыс. Қазақ жазуын латын әліпбиіне көшіру туралы қазақ интеллигенциясының пікірі  екіге бөлінді. Олардың бірі графиканы көшіруді қолдайды, екіншісі кириллицаны қолдануды жалғастыруды жөн санайды. Екіге жарылған пікірлердің өз ұсынатын аргументтері жеткілікті-ақ. Бастысы пікірлердің қарама-қайшылықтарында емес, олардың басымдылығы қай тұста екендігінде. Қазақ жазуын латын әліпбиіне көшіру – кемелденген қазақ тілінің дамуы үшін қажетті дүние. Әрине, әліппе ауыстыру оңай жұмыс емес. Әліпбиді өзгертудегі ең маңызды нәтижелер – жаңа әліпби қазақ жазуының кемшіліктерін жояды, тілдің дамуы мен кеңеюіне оң әсер етеді, қазақ тілінің табиғатына ерекше назар аударады және өзге ұлттардың тілді үйренуін жеңілдетеді. Тілдердің ежелгі және қазіргі жазуын зерттеу теориялық және практикалық тұрғыдан маңызды. Ежелгі дәуірде өмір сүрген және қазір өлі тілге айналған тілдермен танысу үшін ежелгі қолжазбаларды талдау және оқу мүмкіндігінің болуы немесе қазіргі тілдердің ежелгі күйін білу – бұл тіл тарихын зерттегенде өте маңызды. Жазу тарихын зерттеу тек лингвистика үшін ғана емес, тарих ғылымы, археология және этнография үшін де маңызды. Хаттар, жүйе таңбалар жиынтығынан тұрады.

Jsk ақпарат

Автор: admin