• 25 ноября, 2024 10:54 пп

Қазіргі уақытта Шымкент қаласы тұрғындарының сапалы ауыз сумен қамту жұмыстары қарқынды

Автор:admin

Окт 5, 2023

Су – тіршілік көзі. Аймақта ауыз су жетіспеушілігі бар. Бұл мәселе сатылап шешімін табуда. Осакаров ауданындағы сегіз елді мекенде жаңа су құбырларының құрылысы аяқталуға жақын. Бірақ, сапалы ауыз су мәселелері әлі де өзекті болып қала береді. Жақсы тұрмыстың өлшемі көп. Алайда халық үшін зәулім үй, жайлы төсек, қымбат көлік, сәнді киімнен бұрын шаңырағында тіршілікке қажетті қарапайым игіліктердің болғаны маңыздырақ. Солардың ішіндегі ең маңыздысы – ауызсу. Ел тұрғындарын тіршілік көзімен толық қамтуды мемлекеттің негізгі міндеті деп межелеген Үкімет су құбырларын жөндеу жұмысы мен жаңа желілердің құрылысына айрықша көңіл бөлуде. Қазақстан халқына арнаған биылғы Жолдауында республика бойынша орташа алғанда ауызсуға қолжетімділік 2020 жылы 100 пайызға жуықтауы тиістігін атап көрсеткен болатын. «Қазақстандағы сапалы ауызсумен қамтамасыз ету мәселесі халықтың денсаулығын сақтаудың аса маңызды міндеті. Сондықтан бұл біздің басымдығымыз болмақ», – деді Мемлекет басшысы. Ел тұрғындарын сапалы ауызсумен қамтамасыз ету жұмыстары 8 жыл бұрын басталды. Осы бағытта атқарылған оңды істердің арқасында ауылдық елді мекендерді орталықтандырылған ауызсумен қамту көрсеткіші 41 пайызға дейін, қалада 72 пайызға дейін өсті. Қазіргі уақытта Шымкент қаласы тұрғындарының сапалы ауыз сумен қамтылуы 94,7 пайызды құрайды. Биыл қала тұрғындарын сапалы ауыз сумен қамту мақсатында 3 магистралды су аққы мен 17 ішкі орамның құрылысы мен 8 ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Бұл бағыттағы атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде қала әкімдігінің басшылығына қалалық энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Ж.Шайхсламов мәлімдеді. Бүгінгі күнге дейін 6 тұрғын алапта құрылыс жұмыстары аяқталып, 6 мыңға жуық тұрғынды сапалы ауыз сумен қамту үшін абоненттеу жұмыстары жүргізілуде. Аталған жұмыс ағымдағы жылдың 15 желтоқсанына дейін аяқталады. Олардың қатарында Тәуелсіздікке 20 жыл, Көкбұлақ, Қызылжар, Азат шағын ауданы, Бадам шағын ауданы, 195-орам, Тассай шағын ауданы (1 кезек) бар, — деді сала басшысы. Сондай-ақ, жыл соңына дейін Достық ш/а, Игілік, Жаңаталап, Бадам, Бадам-2, Тұран шағын ауданының солтүстік шығыс бөлігі және Достық тұрғын алабына инженерлік жүйелердің құрылыс жұмыстары аяқталып, тұрғындар сапалы ауыз жүйесіне қосылады. Бұдан өзге ұзындығы 28,3 км құрайтын «Ахунбабаев-Көкбұлақ» және 6,88 км құрайтын «Тұран»  магистралды су құбырлары жыл соңына дейін пайдалануға беріледі.  Жыл қорытындысы бойынша, ауыз сумен қамтамасыз ету деңгейі 94,7 %-дан 95,6 %-ға өседі. 9 айда атқарылған есепті тыңдаған қала басшылығы тиісті салаға жауапты басшыларға жұмыстарды тездетіп, мерзімінде аяқтауды тапсырды.

 

Jsk ақпарат

Автор: admin