• 27 августа, 2025 9:25 пп

ҚАЛА ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫН ЖАҢҒЫРТУ: ЖОЛ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫН АЛДЫ

Автор:admin

Авг 27, 2025

Қалада жол-көлік инфрақұрылымын жақсарту мақсатында кешенді жөндеу жұмыстары қарқынды түрде жүзеге асырылуда. Атап айтқанда, Суханов көшесінде шұңқырларды жамау жұмыстары жүргізіліп, Алтынсарин көшесін қайта жаңарту жұмыстары қолға алынды.

Аталған жобалар тек көлік қозғалысын реттеумен шектелмей, сонымен қатар қаланың сыртқы келбетін жақсартуға бағытталған. Жөндеу жұмыстары аяқталған соң, қала орталығы мен «Тұран» шағынауданы арасындағы байланыс нығайып, Бәйдібек би даңғылы бойындағы көлік ағыны біршама жеңілдейді деп күтілуде.

Сонымен бірге, көше бойларында автоматты суару жүйесін орнату, жасыл желектерді сақтау және абаттандыру шаралары қарастырылған. Жобалардың басты мақсаты — заманауи, сапалы инфрақұрылым қалыптастыру арқылы қала тұрғындарының өмір сүру сапасын арттыру, қоғамдық көліктің қолжетімділігін қамтамасыз ету және жалпы қалалық ортаның жайлылығын күшейту.

Автор: admin