• 31 октября, 2024 1:34 дп

 

Шымкент қаласы бойынша орталық маңызы бар 747 көшенің 324 көшесі жарықтандырылған. Оның ішінде, 2021 жылы ГЧП аясында 104 көше жарықтандырылып, қамту көрсеткіші 30 %-дан 43,4 %-ға өсті.
2022 жылы 102 көшені жарықтандырылады. Қазіргі таңда, жобалық-сметалық құжаттама (ЖСҚ) әзірленуде. Атап айтқанда, 65 көшеде топосъемка жасалып, 30 көшенің жобасы әзірленді. Келісім шарт талаптарына сәйкес, аталған жобаларға а.ж маусым айында сараптаманың оң қорытындысын алу көзделіп отыр.

Нәтижесінде қамтылу көрсеткіші 43,4%-дан, 57%-ға өседі.

ГЧП аясында 2021–2023 жылдары 312 көше (2021 жылы – 104 көше, 2022 жылы — 102 көше, 2023 жылы — 106 көше) жарықтандырылады. Нәтижесінде жарықтандыру көрсеткіші 70 %-ға жететін болады. Жоба құны 16,4 млрд.тг.

 

Шымкент қалалық мәслихат депутаты, “AMANAT” партиясының фракция мүшесі Аширбаев Байкен Аширбайұлының парақшасынан.

Автор: admin