• 24 ноября, 2024 5:36 дп

ҚАЛА ӘКІМІ САПАСЫЗДЫҚҚА ЖОЛ БЕРГЕН МЕРДІГЕРЛЕР ЖАУАПКЕРШІЛІГІН АРТТЫРУДЫ ТАПСЫРДЫ

Автор:admin

Янв 12, 2024

 

🔷 Қазығұрт шағын ауданындағы №66 жалпы орта білім беретін мектеп былтыр күрделі жөндеуден өтті. Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков бүгін аталған нысанға барып, атқарылған жұмыстарды бақылады. Құрылыс өткен жылдың маусымында басталып, желтоқсан айында аяқталған болатын.

🔷 Іргетасы осыдан отыз жыл бұрын қаланған ғимараттың сыйымдылығы – 1 260 орындық. Мұнда қазір 2 мыңнан аса оқушы білім алуда. Екі ауысымды мектепте 65 оқу кабинеті, кітапхана, еңбекке баулуға арналған арнайы кабинеттер, мәжіліс залы, асхана қарастырылған.

🔷 Ғимараттың күрделі жөндеуіне көңілі толмаған қала әкімі әрлеу жұмыстары мен қабырғалардың сапасыздығын сынға алды. Құрылыс басқармасының басшысына мердігерлер есебінен кемшіліктерді шұғыл ретке келтіруді тапсырды. Сондай-ақ алдағы уақытта жеке компаниялардың жауапкершілігін арттыру мақсатында қадағалау жұмыстарын күшейту бойынша нақты тапсырмалар жүктеді.

 

Автор: admin