Қаржылық алаяқтық дегеніміз қаржы жүйесі арқылы заңсыз пайда табуға бағытталған әрекет. Ол әртүрлі әдістермен жүзеге асырылып, қоғамның барлық салаларына зиян тигізуі мүмкін. Тіпті әлеуметтік желіде оларға қалай тойтарыс беріп жатқанын жазып алып, бөлісетіндер көбейді. Мұның бәрі халықтың сауаты артып келе жатқанын білдіреді. Әйтсе де алаяқтар сенімге кіріп алып, соңында қарызға батырып, ақшасыз қалдыратын жаңа тәсілдер пайда болды.
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистикасына сүйенсек:
тіркелген қылмыстық құқық бұзушылықтардан алаяқтықтың үлесі 30% -ды құрайды.
Аймақ бойынша ең көп алаяқтық:
Алматы- 6742, Астана- 5358, Қарағанды облысы- 2590, Шымкент- 1921, Алматы– 1836, Ақтөбе- 1334, Атырау- 1319, Қостанай-1311, Павлодар- 1244, Шығыс Қазақстан-1243 облыстарында тіркелген.
Алаяқтық әрекеттердің салдарынан 34 623 адам зардап шекті, оның ішінде: ерлер – 15603, әйелдер – 19020.
Сондай-ақ, кәмелетке толмағандар — 102, мектеп, гимназия, лицей, колледж, жоғарғы оқу орындарында оқитындар — 291, зейнеткерлер -1714, мүгедектер – 8.
Алаяқтар арнайы бағдарламаларды пайдалана отырып , басқа құрылғыларға қашықтан кіруге мүмкіндік алады. Мобильды банкингті толық меңгермеген адамдарға алаяқтар TeamViewer, AnyDesk, RustDesk, Hopto Desk,RuDesktop-ты жүктеп алуды ұсынады. Бұл программаларды жүктемеңіздер, себебі алаяқтың кезекті құрбаны боласыз.
WhatsApp-та хат алмасудан бастап, телефонмен хабарласқанда, бейне
қоңыраулармен сөйлескен кезде алаяқтар психологиялық қысым көрсетіп және қорқыта отырып өздерін: ҚР ҰҚҚ қызметкері; Полиция департаментінің немесе ІІМ қызметкері; ҚР Ұлттық банкінің Қаржылық бақылау департаментінің қызметкері деп
таныстырады. Алаяқтар адамдардың қорқыныш сезімдерін пайдалана отырып, оларға қысым көрсетіп, жеке мәліметтер мен қаржылық қаражаттарын иемденуге тырысады. Сондықтан әрдайым сақ болып, күмәнді қоңыраулар мен хабарламаларға сенбей, мәліметтерді тек ресми көздерден тексеру қажет.
Алданып қалмауға көмектесетін ұсыныстар
•Бейтаныс немесе таныс емес нөмер хабарласса бейне коңырау арқылы сөйлеспеңіз
•Жіберіп отырған мәліметті тексеріңіз. Зер салып назар аударыңыз — өтініштің сипаты, телефон нөмірі, хабарлама стилі, фотосурет
•Күмәнданған болсаңыз, сұрауды растау үшін балама байланыс арналарын пайдаланыңыз. Мысалы, егер сіз жіберушіні білсеңіз, белгілі телефон неміріне
конырау шалыңыз
•Белгісіз нөмірлерден күдікті сілтемелерді ашпаңыз, сауалнамалар мен «дауыс беру» өтініштеріне катыспаңыз
•Біреулердің өтініші бойынша күдікті тіркемелерді немесе сайттарды жүктемеңіз немесе орнатпаңыз.
•Құқық қорғау органдарының немесе банктердің қызметкерлері ешқашан сізден телефон арқылы жеке мәліметтер немесе банк картасының нөмірлерін сұрамайды. Сондықтан мұндай мәліметтерді жария етуден сақ болыңыз. Себебі қазір алданып қалған адамдардың саны жетерлік.Сізде соның қатарында болып қалмаңыз.
Қаржылық алаяқтық– бұл үлкен қауіп, бірақ оған қарсы қорғану жолдары бар. Алаяқтықтың әртүрлі түрлерін білу және қаржылық білімділікті арттыру арқылы өзіңізді және жақындарыңызды қаржылық қылмыстардан қорғауға болады.
Еңлік Сәкенқызы
Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық, өнер академиясы
Компьютерлік технологиялар
кафедрасы
Медиажурналистика мамандығының 1-курс студенті.