• 10 ноября, 2024 5:47 пп

Қаржылық бюджет: трансферттер жайында сөз қозғалса, не білеміз?

Автор:admin

Июл 13, 2024

Ия, Трансферт дегеніміз ол қаржылық аударым, яғни бір өңірдің екінші өңірге донор болуын қаржылық трансферттер арқылы реттелуін айтамыз. Біздің Түркістан облысымызда қаржылық траснферт алатын аймақтар қатарында. Халқы тығыз орналасқан, енді ғана облыс ретінде дамып жатқан аймақ үшін трансферт алу бұл қалыпты жағдай. Ресми трансферттер жалпы сипаттағы трансферттер ағымдағы нысаналы трансферттер, дамуға арналған нысаналы трансферттер болып бөлінеді. Бюджетаралық қатынастарды реттеу нысандарын айқындаған кезде бюджеттер деңгейлерінің әрқайсысының салықтық әлуеті, аймақтардың объективтік бюджеттік қажеттіліктерін бағалау нәтижелері, бекiтілген заттай нормалар ескеріледі. Бюджетаралық қатынастарды реттеу нысандары орта мерзімді фискалдық саясатқа сәйкес белгіленеді. Нысаналы трансферттер мен кредиттерді жергілікті атқарушы органдар тек қана олардың нысаналы қызметіне сәйкес пайдаланады. Нысаналы трансферттер мен кредиттердің нысаналы мақсатқа сай пайдаланылмаған сомалары осы трансферттер мен кредиттерді бөлген жоғарғы бюджетке ағымдағы қаржы жылының 31 желтоқсанына дейін міндетті түрде қайтарылуға жатады. Нысаналы трансферттер мен кредиттердің қаржы жылы ішінде пайдаланылмаған (толық пайдаланылмаған) сомалары осы трансферттер мен кредиттерді бөлген жоғарғы бюджетке қаржы жылы аяқталғаннан кейін он күн ішінде міндетті түрде қайтарылуға жатады. Бюджетаралық реттеу — теңгерімділік мақсаттарында жоғарғы бюджет ресурстарының бір бөлігін төменгі бюджетке беруден тұратын және керісінше, ақша қаражаттарын бөлудің жүйесі. Реттеу механизміне бюджеттік субвенциялар, бюджеттік алынымдар, реттеуші кіріс көздері жатады. Бюджеттік алынымдар — заңнамалық актілермен немесе мәслихаттардың шешімдерімен бекітілген сомалар шегінде төменгі бюджеттердің жоғарғы бюджеттерге беретін ресми трансферттері. Субвенциялар-төменгі бюджеттердің жоғарғы бюджеттерден заңнамалық актілермен және маслихаттардың шешімдерімен бекітілген сомалар шегінде алатын ресми транферттері. Реттеуші кіріс көздері бекітіліп берілген және реттеуші болып бөлінеді. Бекітіп берілген кірістер — бұл түгелдей немесе ішінара белгілі бір бюджетке берілетін бюджет қаражаттары. Реттеуші кірістер — жоғарғы бюджеттен төменгі бюджетке нығайту үшін бағытталатын қаражаттар. Бекітіп берілген және реттеуші кірістердің тізбесі бюджет заңнамасында белгіленеді. Егер биліктің әрбір деңгейінде жиынтық бюджеттердегі түсімдердің көлемі жалпы алғанда олардың функцияларын жүзеге асыру үшін жеткілікті болса бюджет жүйесi сатыластығы жағынан баланстандырылған деп есептеледі. Деңгейлес теңгерімділік — биліктің тиісті деңгейлерінің жеке аймақтары мен аумақтарының бюджеттеріндегі кірістер мен шығыстардың жалпы сәйкестігі. Сатылас теңгерімділікке жету — жалпы теңгерімділіктін I-кезеңі, ал деңгейлес теңгерімділікке жету — теңдестірудің II-кезеңі, ол Қазақстанда бюджеттік алынымдар мен субвенциялар арқылы жүзеге асырылады.

 

Jsk ақпараттық агенттігі

Автор: admin