• 20 сентября, 2024 10:50 дп

Қаржылық нәтижелер есебінің мақсаты мен міндеті

Автор:admin

Июл 13, 2024

Түркістан облысында  — кәсіпорынның қаржылық жағдайы негізгі құралдардың орналасуы мен пайдалануы және олардың пайда болу көздері бойынша сипаталады. Бұл мәліметтер кәсіпорынның бухгалтерлік  балансында көрсетіледі, себебі ол қаржылық нәтижелер есебі жүйесінің басты көрсеткіші болып табылады.    Қаржылық нәтижелер есебінде мынадай маңызды міндеттер атқарады: Меншік иелері  мен менеджерлерді шаруашылық субъектінің мүліктік жағдайымен таныстырады; баланстан олар осы кәсіпорын иелік ететін материалдық құралдар қорларының саны мен сапасы туралы ақпарат ала алады; Баланс бойынша кәсіпорын жақын арада үшінші тұлғаның алдында өзіне жүктелген міндеттемелерді орындау мүмкіндігі анықталады; Актив пен пассив баптырының мазмұны, ішкі саясаты, сыртқы пайдаланушыларға қолдануға мүмкіндік береді; Қаржылық нәтижелер есебінің басты формасы ретінде, есептік кезеңге кәсіпорын мүлкінің құрамы мен құрылымын, шығыстары мен ағымдық активтердік айналымдылығын, меншік капиталы мен міндеттемелерін, дебиторлық кредиторлық бережақтардың жағдайы мен динамикасын, кәсіпорынның төлем қабілеттілігін анықтауға мүмкіндік береді. Тек кәсіпорындарда ғана өнім өндіріліп, жұмысшының өндіріс құралдарымен, еңбек заттарымен тікелей байланысты. өндірістік кәсіпорын болып өндірістік-техникалық бірліктерден тұратын ұйымдастыру — әкімшілік және шаруашылық жұмыстарын өз бетінше жүргізе алатын өндірістік бірлік саналады. Кәсіпорынның өндірістік-техникалық бірлігі деп белгілі бір аумақта өнім өндіруге қажетті өндіріс құралдарының топтастырылуын айтады.  Кәсіпорынның ұйымдастыру жұмыстары құрал-жабдықтарға деген меншік түрін анықтаумен қатар, жұмыскерлер ұжымын құру және ұйымдастыру, сыртқы-экономикалық байланыс қызметін қамтиды.  Кәсіпорынның  шаруашылық  жұмыстары  алдын ала анықталған өндірістік бағдарламаны орындау барысында ҚР-ғы бекітілген заңдарға сәйкес, өз бетінше жұмыс істеуін және әлеуметтік бағыттылығын көрсетеді.  ҚР-да кәсіпорын иесі болып оның азаматтары, шетелдіктер, азаматтығы жоқ тұлғалар, олардан құралған заңды тұлғалар. Өндірістік кәсіпорын дегеніміз — өнім өндіру және қызмет түрлерін халыққа көрсету арқылы тұтынушылықты қанағаттандыру және табыс табуды мақсат тұтқан кәсіпкерлер немесе олардың бірігуінен құралған жеке немесе дербес шаруашылық жүргізуші субьектілер тобын айтады. Кәсіпорынның басты мақсатына халықтың тұтынушылығын қанағаттандыру және табыс табу жатады.

 

Jsk ақпараттық агенттігі

Автор: admin