• 22 сентября, 2024 11:22 пп

Қаржылық нәтиже туралы есеп берудің негізгі атқаратын қызметі

Автор:admin

Июл 20, 2024

Түркістан облысында қаржылық нәтижиелерді басқару үшін бюджеттік басқарудан – нәтижиелі басқаруға көшу жүйесі жыл санап қосымша мемлекеттік бағдарламалар арқылы жүргізіліп келеді. Жалпы бұл ұғым қаржылық функцияларының бірі пайдаланушыларға  кәсіпорынның мүлкі және қаржылық жағдайы туралы ақпараттық мәліметтерді уақтылы жеткізіп беріп отыру. Осындай ақпараттық мәліметтердің негізгі қайнар көзі- бухгалтерлік баланс. «Баланс» сөзі латын тілінен аударғанда теңдікті, теңдестікті және қандай да  бір қызметінің тараптары арасындағы қатынастардың сандық көрсеткіштерін білдіреді. Ақпараттарды баланстық жинақтау  есепте, қаржы- шаруашылық қызметті талдауда басқару ұйымдарының нарық экономикасында бағыт алуы үшін кеңінен қолданылады. Қаржылық нәтижелер есебінің мәні – оның  атауына негізделеді. Бір жағынан ол бухгалтерлік есеп әдістерінің бір бөлігі болып саналса, екінші жағынан  Қаржылық нәтижелер есебі – жылдық және кезеңдік есеп берулердің бір формасы болып табылады. Қаржылық нәтижелер есебі көбіне ақпараттық формаға жатқызылады. Қаржылық нәтижелер есебін білу – оның әрбір баптарының мазмұнын,бағалау әдістерін, кәсіпорын қызметіндегі алатын орнын, басқа баптармен байланысын білу. Бұл тақырыптың маңыздылығы сол,  Қаржылық нәтижелер есебі арқылы: талданып отырған кәсіпорын туралы көп көлемде ақпарат алынады; кәсіпорынның жеке айналым құралдарымен қамтамасыз етілуін анықталады; айналым құралдарының өзгеріс мөлшерін анықтауға болады; аналитикалық көрсеткіштерді есептеуінсіз кәсіпорынның жалпы қаржылық жағдайы бағаланады; жыл ішінде кәсіпорынның қаржылық жағдайында қандай өзгерістер болғаны анық көрінеді. Сондай – ақ, Қаржылық нәтижелер есебі коммуникацияның   нақты құралы болып табылады, ол арқылы: басшылар ұқсас кәсіпорындар жүйесінде өз кәсіпорны қандай орын алатыны туралы, таңдалған стратегиялық курстың дұрыстығы туралы, пайдаланылатын ресурстар тиімділігінің салыстырмалы сипаттамасы туралы  мәлімет ала алады, және кәсіпорынды басқару бойынша әртүрлі сұрақтарға байланысты шешімдер қабылдауға мүмкіндік береді;аудитор өз тексерісін жоспарлау, аудит жүргізу процесінде дұрыс шешім қабылдау үшін қосымша мәлімет ала алады, есеп жүйесіндегі әлсіз орындарды анықтауға және клиенттің сыртқы есеп берулеріндегі кейбір мүмкін қателіктерді анықтауға мүмкіндік алады;аналитиктер қаржылық анализ бағыттарын анықтай алады.

 

Jsk ақпараттық агенттігі

Автор: admin