• 25 сентября, 2024 9:21 дп

Қаржының – Қазақстан қоғамындағы орны

Автор:admin

Июл 6, 2024

Қаржы-қоғамда нақты өмір сүретін, объектіивтік сипаты мен айрықша қоғамдық  арналымы бар өндірістік қатынастарды білдіретін ақшалай қаржы ресурстары мен қорларды жзасау және пайдалану процесіндегі экономикалық қатынастарды қамтып көрсететін тарихи қалыптасқан аса маңызды экономикалық категориялардың бірі болып табылады. Түркістан облысында тұрғындарды қаржылай сауатты болуға үндейтін мемлекеттік жобалар өте көп. Ол натуралдық шаруашылықтан жүйелі тауар-ақша айырбасына көшу жағдайында пайда болып дамыды және мемлекеттің және оның ресірстарға қажеттіліктерінің дамуымен тығыз байланысты болды. Ал мемлекеттің пайда болып, оның дамуына сәйкес тауар-ақша айырбасының өріс алуына байланысты экономикалық өмір сақынасына көтерілген қаржы ұғымы ақша қаражаты қорын және оны пайдалану процесін айқындайтын экономикалық категория болып табылады. Осыдан қаржының мәнісі тауар-ақша қатынастарын білдіруге саяды. Қаржы нарықтары және олардың кәсіби қатысушылары уақытша бос ақша қаражаттарының және капитталдың, ішкі және сыртқы инвесторлардың жоғары пайдалы экономика салаларына тартылған қаражаттарының ағылуына, мемлекеттің халықаралық қоғамдастыққа интеграциялануына жағдай жасайды. Қазіргі қаржы нарығының негізі- бұл көптеген қаржы институттары немесе делдалдар. Бұл нарықта сатушылар және сатып алушылар да бар. Ал тауар ролін ақша немесе басқа да қаржы активтері ойнайды. Олар уақытша (міндеттемелер бойынша қарыздар) немесе біржолата (акция түрінде) берілуі мүмкін. Сонымен бірге қаржы нарығы көптеген бағыттар арқылы қызмет етеді. Яғни бұл бағыттар бойынша қаржылар жинақ иелерінен қарыз алушыларға өтеді.  Қаржы нарығы дегеніміз – сауда-саттық қызметімен, халықаралық деңгейдегі түрліше қызмет көрсетуге байланысты істермен, елдер арасында капитал алмасумен айналысатын және шет елдік валюталарды, құнды қағаздарды сатып алумен тығыз байланысты жүзеге асыратын өзіндік жүйе. Қаржы нарығы ол институционалдық құрылымының құрылуына және қаржылық құралдардың енгізілуін реттеу мен нарық инфрақұрылымының тұрақтылығына әсер етуші процесс болып табылады. Қаржы нарығы нарықтық экономика жағдайында қаржы ресурстары қозғалысында бір  жүйеліліктің тұрақтылығын қамтамасыз етеді. Қаржы қорларын бөлу және пайдалану ісінде қаржылық қызметтің жаңа нысандары мен әдістерінің экономикалық практикада терең  бойлауына, қызмет жүргізу тиімділігін арттыруға барынша күшті ықпал жасайды.

 

Jsk ақпараттық агенттігі

Автор: admin