• 20 сентября, 2024 5:44 дп

Қаржы нарығының құрылымы жайында не білеміз?

Автор:admin

Июл 15, 2024

Түркістан облысы тұрғындарының қаржылық сауаттылығын арттыруға бағытталған мақалалар тізбегімізді одан әрі жалғастырмақпыз. Жалпы қаржы нарығы дегеніміз не? Оның құрылымы жайында не білеміз? Міне осы сауалдарға б.гін осы материалымыздан оқып білуіңізге болады. Ақша нарығы. Қаржының негізі ақша қаражаттары болып табылғандықтан ақша нарығы қаржы нарығында алғашқы орында болады. Ақша оның кез-келген формасында нарықтағы жүзеге асырылатын операцияларға қызмет көрсетеді  және кез-келген қаржы нарығының түп негізі болып табылады.Депозит нарығы. Халық табысы негізгі екі бөліктен тұрады: тұтынылатын және жинақталатын. Уақытша бос ақша қаражаттары (жинақтары) банктер намесе басқа да қаржы-несие институттарымен тартылады, осы ресурстардың (тартылған ресурстар) негізінде әр-түрлі салымдар жүзеге асырылады. Осылайша ақшалар оларды пайдаланғаны үшін банктер  сәйкесінше ақша сыйлықақыларын — пайыздарды төлеуді жүзеге асыратын депозиттерге түрлендіріледі. Несие нарығы. Банктерге депозиттер түрінде түскен ақша қаражаттарының бір бөлігі несиелер түрінде беріледі. Уақытша бос ақша қаражаттарын шоғырландырып, комерциялық банктер заңды және жеке тұлғаларға әр түрлі мақсаттарға жұмсауға несиелер береді. Осылайша ақша қаражаттары нарықта оларды пайдаланғаны үшін банктерге тиісті пайыздарын төлейтін несиелер түрінде айналысқа түседі.  Валюталық нарық. Қазақстандық нарықта операциялардың бір бөлігі ұлттық валютамен, ал екінші бөлігі шетел валютасымен жүзеге асырылады. Яғни екі валюта түрінде де қаржы құралдары айналыста болады. Валюталарды айырбастау операциялары да үлкен роль атқарады. Бағалы қағаздар нарығы. Бағалы қағаздар, басқа да қаржы құралдары сияқты жалпы қаржы нарығына оң әсерін тигізеді.  Бағалы қағаздар көбіне ақша ресурстарын қайта бөлудің ұтымды әдістерінің бірі болып табылады. Айналыс құралдарын толықтыру үшін несие алу міндетті емес, себебі ол несиені қажеттік туындаған кезде үшінші бір тұлғаға жаңа келісім-шарт жасаспай беру мүмкін емес. Бұл жағдайда қарыз міндеттемесі болып табылатын сонымен қатар нарықта еркін айналысқа түсетін және кез-келген уақытта өз иесін ауыстыра алатын облигация шығарған тиімді. Қаржылық тәуекелдерді сақтандыру үшін туында бағалы қағаздар шығарылады. Бағалы қағаздардың бұл түрі сатып алынғалы тұрған бағалы қағаздың бағасын шартқа отырған кезде келісіп, ал сол бағалы қағазды алу мерзімін кейінге қалдыруға, яғни базалық бағалы қағаздың бағамының күрт түсіп кетуі немесе көтеріліп кетуінен сақтандырылады. Осылайша бағалы қағаз ақша ресірстарының қайта бөлінуіне әрекеттеседі.

 

Jsk ақпараттық агенттігі

Автор: admin