• 24 ноября, 2024 12:05 дп

Қаржы нарығының әлеуметтік рөлі

Автор:admin

Июл 10, 2024

Қаржы қатынастары кез-келген мемлекеттің экономикалық дамуының негізі болып табылады. Түркістан облысында қаржы нарығын қатайту шаралары мемлекеттік қолдау негізінде жүзеге асуда. Ақша ресурстарының айналысы және қайта бөлінуі олардың айналыс сферасын қалыптастыратын қаржы нарығын құрайды. Нарықтық экономика жағдайында қаржы нарығы біртұтас мемлекеттің нарықтық қатынастарының құрамдас бөлігі болып табылады. «Қаржы нарығы» ұғымы әр мемлекеттің экономикасының даму ерекшеліктеріне және әлемдік тәжиребеге байланысты түрліше түсіндіріледі. Қоғамның, жеке тұтынушының өмірінде тұтыну заттары айрықша орын алады. Қоғамға алуан түрлі құралдар, жабдықтар, жоғары өнімділікті қаматмасыз ететін машиналар түрлері, ал адамдарға жайлы тұрғын үй, киім-кешек, азық түлік қажет. Міне осы қажеттіліктің бәрі еңбек арқылы, табиғи немесе жасанды шикізаттарды игеру есебінен өмірге келеді. Осы өндірістік жолмен өндірілген тауарлар сату-сатып алу процесі арқылы игілікке жаратылады. Бұл процес нарық деп аталады. Әдетте, кейбіреулер нарық жүйесін базар, яғни ұйымдаспаған адамдар тобының өз қолыдағы артық тауарын сататын орын деп қарастырады. Алайда, нарық өндіріс пен тұтынуды, айырбас пен бөлісті байланыстыратын экономикалық қатынастардың өрісті дамуына ықпал жасайтын процесс. Нарықтың өз талаптары өз функциялары бар. Ал бұл талаптар-өндіріс негізінде тауарлар тасқынына, оның сапалылығына, өтімділік қасиетін жақсарта беруге, түр-түрін көбейтуге бағытталған. Нарықтың ең басты функциясы-баға белгілеу. Бағаны қалыптастыруда ақпарат елеулі орын алады. Ол сұраныс, ұсыныс және тұтыну арасында ерекшеліктер турасында нақты мәліметтер алуды, қай тауар түріне қажеттілік мол екенін анықтауды қамтамасыз етеді. Нарық жағдайын дәлме-дәл білмейінше сауда-саттықты тиімді жүргізу оңай емес. Нарықтың тағы бір белгісі-бәсекелестік. Мұның өзі экономикалық тұрғыдан кімнің басымдылық алып отырғанын фирмалар, кәсіпорындар, тауар өндірісінің ерекшелігі, баға сапа арқылы өзімен тектес, салалас фирма, кәсіпорын қызметінен қандай артықшылықтары барын, экономикалық жарыста басымдылық алудың жолдарын анықтауға айқын бағдар береді. Бұл үшін қаржылық менеджменттің ұйымдық саладағы ісінің бір буыны- экономикалық ақпараттың ролі айрықша.

Jsk ақпараттық агенттігі

Автор: admin