• 23 ноября, 2024 8:27 дп

ҚАРИЯЛАРҒА ҚОЛАЙЛЫ ЖАҒДАЙ ЖАСАЛАТЫН БОЛДЫ

Автор:admin

Янв 15, 2024

 

Қалада қараусыз қалған қарияларды мемлекет қамқорлығына алу мақсатында ашылған №10 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығында 44 тұрғын тұрады. Бүгін қала әкімі Ғабит Сыздықбеков орталыққа арнайы барып, қариялардың жағдайымен танысты.

Бүгінде орталық тұрғындарының тоғызы ерекше күтімді қажет ететін төсек тартып қалған жандар, ең үлкені 88 жаста. Мұнда қариялардың өмір сүру сапасын жақсарту мақсатында тұрмыстық, медициналық, психологиялық, әлеуметтік қызмет түрлері, емдік-оңалту шаралары көрсетілуде.

Қала әкімі аралау барысында «Қандастарды бейімдеу және ықпалдастыру орталығының» ғимаратын да көрді. 1 мамыр көшесінде орналасқан нысан 1950 жылы салынған. Жалпы алаңы — 1924,7 шаршы метр, жер көлемі – 0,34 гектар.

Қала әкімі құрылыс басқармасының басшысына орталықтың орнына жаңа типтегі ғимарат құрылысын жүргізу бойынша жобалық сметалық құжат әзірлеуді тапсырды. Жаңа нысан пайдалануға берілгенде қарттар кеңейтілген орталыққа жайғастырылатын болады.

Автор: admin