ҚОЛЖЕТІМДІ ТҮРКІСТАН» КЕШЕНДІ ІС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫНЫҢ ЖОБАСЫ ПЫСЫҚТАЛДЫ

Ақпарат Қоғам Саясат

 

Бүгін Түркістан өңірінде мүмкіндігі шектеулі азаматтардың құқықтарын қамтамасыз ету және олардың өмір сүру сапасын жақсарту мақсатында кезекті келелі жиын өтті.

Мақсатты жиынның күн тәртібінде «Қолжетімді Түркістан» кешенді іс-шаралар жоспарының жобасы пысықталып, әлеуметтік объектілерге еркін кіріп шығу қолжетімділігін қамтамасыз ету және көліктік ортаны қалыптастыру мәселелері талқыланды.

Басқарма басшылары мен олардың орынбасарларының қатысуымен өткен шарада сөз алған ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Мирас Қарғабай өңірдегі мүмкіндігі шектеулі азаматтардың шағымдарына тоқталып, бүгінде олардың мүддесі мен құқықтары толық қорғалмай отырғанын жеткізді және азаматтардың мемлекеттік мекемелер мен кәсіптік субъект ғимараттарына еркін кіріп-шығуы үшін облыс аумағында орналасқан пандус жүйелеріне, автокөлік қою орындарына, қоғамдық көліктерге және басқа да орындарға қоғамдық бақылау жұмыстарын бірлесіп жүргізуге шақырды.

Бұдан бөлек, шарада
мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін Түркістан қаласында «кедергісіз орта» құру бойынша нақты шаралар қабылдау және кіреберіс жолдарды, пандустарды, мүгедектер арбаларына арналған құрылғыларды қамтамасыз ету
ғимараттарды, инфрақұрылым объектілерін салу кезінде құрылыс талаптарының сақталуына қоғамдық бақылауды күшейту мәселелері жан-жақты қаралды.

Айта кетсек, Түркістан облысында 94,9 мың мүмкіндігі шектеулі азаматтар тұрады, бұл республика бойынша 13,5% немесе Түркістан облысы халқының 4,7% пайызын құрайды.