• 21 сентября, 2024 7:41 дп

Қоғамдық бірлестіктер – ел игілігі үшін құрылған қоғамдық ұйымдар!

Автор:admin

Июл 13, 2023

Қоғамдық бірлестіктердегі азаматтардың іс-əрекетіне мемлекеттің қатысуы жеке нормативті-құқықтық актілердің реттеуінің негізі болып табылады. «Азаматтардың бірігуі» конституциялық мағынасындағы түсінігі қазақстандық заңдылықта нақтыланбаған, бірақ жеке дара сипаттамалар кездесіп отырады. Бұл түсінікке жеке тұлғалардың əр түрлі мүдделерін жүзеге асыру жəне əр түрлі қажеттіліктерді қанағаттандыру мақсатында құрылған жеке тұлғалардың кез келген қауымдастықтарын енгізуге болады (мемлекетті басқаруда қатысуы, діни əдет-ғұрыптарды жүзеге асыру, мəдени қажеттіліктер, əлеуметтік-еңбектік құқықтардың қорғауы, табысқа жету үшін меншікті немесе еңбекке талапты бірігіп қолдануы т.б.). Бұл түсініктің кең түрде талдауы азаматтардың кез келген бірлестіктерді құруын немесе азаматтық-құқықтық тілмен айтқанда, коммерциялық жəне коммерциялық емес ұйымдарды құру құқықтарын білдіреді. Сондықтан мемлекеттік емес ұйымдардың конституциялық-құқықтық түр- бейнесін «саяси партиялар, əлеуметтік-экономикалық жəне əлеуметтік-мəдени қоғамдық бірлестіктер, бұқаралық қоғамдық қозғалыстар құрайды» деген пікірмен толық келіспеуге болады. Біздің көзқарасымыз бойынша, азаматтардың бірігуі — ол адамның өмір іс-əрекетінің əр түрлі саласындағы пайдалы, көздеген мақсаттарына жету үшін, еріктікке негізделген жеке тұлғалардың қауымдастықтар (ассоциациялар) деп есептеуге болады. Азаматтардың қоғамдық жəне діни бірлестіктерді құруы тек өз ниеті мен еркі негізінде құрылуы мүмкін. Қазақстан Республикасының 2001 жылдың 16 қаңтардағы «Коммерциялық емес ұйымдары туралы» Заңының 11- жəне 15-баптарында қоғамдық жəне діни бірлестіктер азаматтардың тек өз еркімен құрылуы керектігі жазылған. «Коммерциялық емес ұйымдар туралы» Заң, «Қоғамдық бірлестіктер» Заңына қарағанда, жалпы реттеуші сипаттағы заң болып табылады. Коммерциялық емес ұйымдардың маңызды белгілерін анықтайтын осы Заңының 2-тарауында азаматтардың еркіндік бірігуін сипаттайтын белгілері жоқ. Осыған сəйкес коммерциялық емес ұйымдар да азаматтардың бірлесу конституциялық құқығының жүзеге асырылуының көрінісі деп айтуға болады, бірақ мемлекеттік билік органдарының тапсырысын орындағанда, қоғамдық маңызды қызметтерді орындағанда еріктік сипат жойылып отырады. Өйткені олардың азаматтық-құқықтық мəртебесі өзгереді, себебі құрылу тəртібінің еркіндігі сияқты элементі жойылады. Жоғарыдағы келтірілген мəлімет бойынша, «азаматтардың бірлесу құқығы» жалпы түсінігінің қолданылуы əлі де өзінің заңдылық шешімін тосып отыр. Осы міндеттер шешімінің конституциялық- құқықтық аспектілерін ажырату үшін, оның көпмағыналылықтан шығару керектігін, яғни оның бірыңғай қайнар көзден — ол адам мен азамат ұғымынан туындау қажеттілігін естен шығармау қажет. Бұл тұжырымдар азаматтардың түрлі бірлестіктер құру жəне ұйымдастыруға кедергі болмайды, мысалы, іс-əрекет мақсаттары бойынша (коммерциялық жəне коммерциялық емес), іс- əрекеттің территориалдық аумағы бойынша (ауданаралық, аудандық т.б.), ұйымдасу талабы бойынша (өз еркімен, еріксіз) жəне басқа. Сондықтан қоғамдық жəне діни, кəсіпкерлік бірлестіктерге қатысты сапалы сипаттама ретінде «бірлесуінің еркіндігі» жəне «ортақ көздейтін мақсаты» алдына шығады. Сондықтан да «азаматтардың бірлесу құқығының» конституциялық түсінігін, оның көріністердің мүмкін формаларының жіктелуін қарастырмай, ал субстанционалды жəне тұрақты қасиеттермен ажыратылатын əр түрлі типтердің бірлігінде қарастыру керек. Адам жəне азаматтардың бірлесу конституциялық құқығы басқа да конституциялық құқықтар мен бостандықтармен байланысты болады. Көп жағдайда осы құқық митингтер, демонстрациялар, салтанатты жүріс жəне пикеттеушілік арқылы жүзеге асады, олар ұйымдастырушылық (ұжымдық) ниет білдірушілік шара ретінде сипатталады. Азаматтардың жергілікті өз-өзін басқару органдарына жəне мемлекеттік билік органдарына сайлануға қатысу құқығы жəне сайлау құқығы, сонымен бірге референдумға қатысу. Саяси қоғамдық бірлестік мəртебесі бар дербес азаматтардың бірлесуінің арқасында жүзеге асуы мүмкін. Саяси қоғамдық бірлесуінің басты мақсаты – ол сайлау кезінде саяси ниеттерін білдіру мақсатында азаматтардың қатысуын білдіру. Адам жəне азаматтардың бірлесуге конституциялық құқығы сөз бостандығымен байланысты. Осы құқықтардың болуы бірлесу құқығын жүзеге асырудағы ең басты шарт болып табылады. Жоғарыда айтылғандай, адам жəне азаматтардың бірлесуге конституциялық құқықтың ерекше түрі діни бірлестіктердің құру болып табылады, ҚР Конституциясының ар, ұяттың бостандығының бекітетін кепілдіктері арқылы қамтамасыз етіледі. Адам жəне азаматтардың бірлесуге конституциялық құқығы азаматтық қоғам институттарының құрылуына маңызды алғышарттар ретінде саналады. Іс жүзінде ол саяси плюрализм мен идеологиялық əр алуандылықтың қолдауында көрініп отырады, оның барлығы қоғамда сапалы өзгерістерге əкелуін болжайды. Сондықтан да адам жəне азаматтардың бірлесуге конституциялық құқық азаматтық қоғамының құрылымдық негізі ретінде шыға келеді. Жоғарыдағы айтқанның барлығы, адам жəне азаматтардың бірлесуге конституциялық құқықтың маңызды конституциялық принципінің жүзеге асыруымен байланысты халық билігінің жүзеге асуы болып табылады. Көріп отырғанымыздай, қоғамдық бірлестіктің конституциялық-құқықтық мəртебесі кеңестік дəуірдегі қоғамдық бірлестіктердің мəртебесінен өзгешелінеді, олар, 1978 жылғы Конституцияға сəйкес, саяси жүйенің құрамды бөлігі болды жəне Коммунисттік партия жəне кеңестік мемлекеттің шегін мүлтіксіз өткізіп отырды. Қазір қоғамдық бірлестіктер ешбір партияға бағынбайды. Қазақстанда демократияландыру көпшіліктің саяси белсенділігін көтеру үшін тиімді шарттар қамтамасыз етілді. 1990 жылдан бастап республикада жүзден аса тіркелген жəне тіркелмеген қоғамдық бірлестіктер бар. Осындай ұйымдар ретінде «Мемориал» тарихи-ағартушылық қоғам, «Қазақ тілі», «Бірлесу» тəуелсіз кəсіподақ жəне тағы басқа тəуелсіз ұйымдардың «Сайлаушы», «Азамат», «Алаш», «Хақ» жəне т.б. басылымдары қызмет етуде. Алғашқы кезеңде саны көп жəне белсенді қозғалыс болып Халықаралық ядролық қаруға қарсы«Невада-Семей» қозғалысы болды. Оның ең басты мақсаты ядролық сынауды тоқтату жəне Семейдегі полигонды жабу, ядролық сынаудан жапа шеккен аудандың əлеуметтік-экономикалық оңалту; барлық адамдардың өмірінен ядролық қару жəне соғысты алып тастау болды. Құрылып жəне белсенді қызмет еткен өзге де қоғамдық бірлестіктер пайда бола бастады. Оларға (мемлекеттік органдар жөнінде ашық қарсылықты жариялаумен бірге) қоғамдық қозғалыстар, халықаралық (үкіметтік емес) ұйымдардың бөлімшелері, қоғамдық қорлар, қоғамдық академиялар, экологиялық бірлестіктер, кəсіпкерлер мен тұтынушылар жəне т.б. құқықтарын қорғау бойынша қоғамдық бірлестіктер енеді. Алматылық Хельсинки комитеті, «Қазақстанның құқықтық дамуы» қозғалысы,Республикалық тарихи-ағартушылық қоғам «Əділет», саяси құғын-сүргін ассоциация; Əйелдік ұйымдар: Əйелдік ұйымдардың Республикалық кеңесі, Қазақстан əйелдерінің одағы, Қазақстанның мұсылман-əйелдердің Республикалық лигасы, «Қазақстанның əйелдер-кəсіпкерлер» Қамқоршылық ассоциациясы, Шығармашылық ынта əйелдері, «Əйелдер жəне құқық» бірлестігі, Алматы Феминистер лигасы адам құқықтарын қорғау бойынша Халықаралық комитетпен табыс етілген құқық қорғайтын ұйымдардың рөлін бағалау қиын. Ардагер ұйымдарымен белсенді қызмет жүзеге асыралады: Республикалық ардагерлер ұйымы бұрынғы концлагердің тұтқындарының ассоциациясы, Саяси құғын-сүргін құрбан болған Қазақстандық ассоциациясы, «Чернобыль» одағы жəне «Ұрпақ» қозғалысы. Қазақстан Республикасында қоғамдық бірлестіктің құрамында маңызды рөлге Кəсіпкерлер ұйымы, Кəсіптік одақтар, Тұтынушылар одағы ие. Олардың ішінде ерекше орынға саяси партиялар шығады, адам жəне азаматтың бірлесуге құқығын жүзеге асыру кезінде құқықтық мемлекет қағидасын қолдануы, бірлестіктердің қызметінде құқыққа қарсы əрекеттерге, сонымен қатар мемлекеттік органдардың бірлестіктердің қызметіне негізсіз араласуына жол бермеуге мүмкіндік туғызады.

Сонымен, мемлекет пен жеке тұлғалар құқықтық қатынастың субъектісі болғандықтан, бір- бірінің немесе үшінші тұлғалардың мүдделеріне шексіз араласа алмайды. Құқықтық мемлекет, тұлғаның бірлесуге құқығын жүзеге асыру кезінде құқық нормалардың шегінде еркін іс-əрекет етуге жағдай жасайды, яғни бұндай жағдай мемлекетке де, тұлғаға да ыңғайлы. Тұлғаның əрекеті топтың мүдделеріне негізделетіндіктен, бекітілген жүріп-тұру ережелеріне сəйкес келмеген топтық мүдделеріне шек қойылады. Сонымен, құқықтық мемлекет қағидасы азаматтар бірлестігінің қызметіне мемлекеттің араласу шегінің болуын білдіреді. Осыдан азаматтар бірлестігінің ішкі мүдделеріне мемлекеттің қаншалықты араласуы мемлекеттегі демократияның даму дəрежесін көрсетеді. Құқықтық мемлекет қағидасы адамның бірлесуге жəне көппартиялық жүйені құру құқығын сақтауға бағытталған механизм болып табылады. Бұндай жүйенің дамуы демократиялық дамудың элементі жəне құқықтық мемлекетті құрудың бір шарты болып саналады. Құқықтық мемлекет пен адам жəне азаматтардың бірлесуге құқығының арасындағы тікелей байланыс туралы Б.А.Кистяковский былай жазады: «Адамның тумысынан жазылған, құқықтық немесе конституциялық мемлекеттерде танылатын, мəнді құқықтардың бірі – бірлесу мен жиналу еркіндігі». Қазақстанда қоғамдық бірлестіктердің қызметін заңдық реттеу эволюциясы, сондай-ақ қазіргі құқық қолданушы практикасы бізге мемлекетте бірлесу бостандығын толық құқықтық қолдануды қамтамасыз ету бойынша аз емес тəжірибе жиналған жəне əр түрлі нысандағы қоғамдық бірлестіктің қызмет етуі үшін барлық жағдайлар жасалғандығын бекітуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ демократиялық мемлекетті құрудың қазіргі жағдайлары қоғамдық бірлестіктер жəне партиялар экономикалық жəне құқықтық реформаларға бағытталған преспектитві бағыттарды анықтауға, мемлекеттің ішкі жəне сыртқы саясатын құруға қатысуға шынайы мүмкіндікке ие болуы керек. Олардың жаңашыл идеяларын жүзеге асырудың алғышарты мемлекет қоғамда берік қолдауды жəне тірекке ие болады. Қазақстандық қоғамды əлеуметтік стратификациялаудың қазіргі жағдайында, азаматтардың жалпы мүдделері мен көзқарастарының ортақтығының негізінде бірлесуі мемлекеттік өкімет институттарын демократизациялау жеткілікті заңдық болып табылады. Қоғамдық, ұжымдық сипаттағы құрылатынына қарамастан, азаматтардың бірлесу құқығы азаматтың жеке құқықтар мен бостандықтар кешенінен құрылатындығын ерекше атауымыз керек. Оны құқық мемлекет пен қоғаммен «сыйлы» емес, азаматқа тумысынан тиісті табиғи құқығын деп танығанымыз жөн. Кеңестік құқықтық ғылым ұзақ уақытта осы құқықты қарастырған кезде кеңестік қоғамның саяси жүйесінде қоғамдық ұйымдар рөлінің өсуін жəне заңмен кепілденген нақтылығын куəландырады. Қоғамдағы келісім мемлекет тұрақтылығының басты шарты екені даусыз. Оған қоғамның барлық саласында ұзақ мерзімді және дәйекті саясат арқылы ғана емес, сонымен қатар азаматтардың өз туған жерінде бейбітшілік пен тыныштықты сақтауға деген ұмтылысы арқылы қол жеткізіледі. Қазақстанда қоғамдық келісімді қалыптастыру мәселесі елдің көпұлтты болмысымен түбегейлі тығыз байланысты. Ал өзіндік ерекше, көп бағытты және кейде өзара шектелетін мүдделері бар әр түрлі топтарды бір бүтінге біріктіру — өте күрделі міндет. Әдетте, бұл процесс ұлттық өзін-өзі тану жағдайындағы белгілі бір қиындықтармен, этно-ұлтшылдық сезімдердің мерзімді көріністерімен бірге жүреді. Әмбебап механизм жоқ, оның арқасында белгілі бір идея негізінде азаматтық ұлт қалыптастыруға болар еді. Әр мемлекет өз мемлекетінің этникалық құрамына, тарихи -аумақтық ерекшеліктеріне, заңнамалық нормаларына, стратегиялық және идеологиялық принциптеріне назар аудара отырып, этнополитика мәселесін шешеді. Қоғамдағы тұрақтылықтың негізгі шарты — әр түрлі этностардың мүдделерін үйлестіруді жүзеге асыру әлеуметтік тұтастықтың бұзылуына әкелмейді және ұлтаралық шиеленістің көрінуіне ықпал етпейді. Жалпы, ұлтаралық шиеленістің болуы әрқашан ашық қақтығыстарға әкелмейді, сондықтан бұл құбылыстың факторларын уақытында болжап, алдын алу қажет. Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, қоғамдық келісім мен ұлттық бірлік қоғамдағы азаматтық бейбітшілікті сақтаудың ең оңтайлы әдісі ретінде мемлекет пен оның институттарының белсенді ынтымақтастығы жағдайында мүмкін болады. Қазақстан үшін қоғамдық келісімді сақтау мен ұлттық бірлікті нығайту саласындағы негізгі институт — Қазақстан халқы Ассамблеясы. ҚХА бейбітшілік пен рухани келісім принциптерінің дирижері ретінде бүкіл Қазақстан бойынша көптеген этномәдени бірлестіктердің қызметін біріктіреді. Бүгінде республикада 367 этномәдени бірлестік аккредиттелген, оның ішінде 14 республикалық. Жалпы алғанда, бүкіл ел бойынша 43 этностың 1025 этномәдени бірлестігі жұмыс істейді. Қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірліктің қазақстандық моделі, «әртүрлілікте бірлік» принципіне сүйене отырып, қазірдің өзінде елде де, одан тыс жерлерде де жеткілікті түрде қайталанатын бренд болып табылады. Бұған көп күш пен мемлекеттік бағдарламалық құжаттар бағытталды. Көп ұлтты қоғамдағы диалогтың табысы кешенді шаралар мен идеологиялық конструкцияларды әзірлеу мен енгізуді қамтамасыз етеді. Осыған байланысты қоғамдық келісімнің моделі мемлекеттің республиканың барлық этностарымен қарым-қатынасын анықтайтын және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын құрметтеудің, ұлттық мүдделерді қорғаудың, әріптестік қарым-қатынастың демократиялық принциптеріне негізделуімен анықталады. Қоғамдық келісімді жасанды түрде сақтауға болмайтыны түсінікті. Қоғамның өзі бұл процеске мемлекет пен азаматтық институттардың өзара әрекеттестігі негізінде қатысуы керек. Қазақстан халқы Ассамблеясы ұлттық масштабта азаматтық сектормен, халықаралық ұйымдармен, мемлекеттік органдармен, ғылыми және шығармашылық интеллигенциямен, бұқаралық ақпарат құралдарымен белсенді түрде өзара әрекет жасайды. Осылайша этносаяси және этномәдени құзыреттіліктердің қалыптасуы мен дамуын қамтамасыз етеді. Біз тәуелсіз ел атанған соң бейбітшілік пен келісімнің қазақстандық үлгісі заңнамаға, мемлекеттік және азаматтық бастамаларға, сондай -ақ азаматтық қоғам институттары мен мемлекет арасындағы сындарлы диалог негізінде қалай байып, дамығанын көрдік. Сонымен қатар, осы салыстырмалы қысқа уақыт ішінде, іс жүзінде, мүмкін болатын іске асыру тұрғысынан оларды шешуді және талдауды қажет ететін көптеген мәселелер жинақталды. Осы орайда, Қазақстан халқы Ассамблеясының 26 жыл ішіндегі қызметі көптеген мемлекеттік бағдарламалар мен тұжырымдамалар шеңберінде бірталай жетістіктер мен іске асырылған міндеттерге толы екені анық. 2019 жылдың өзінде ҚХА 11 мыңнан астам қайырымдылық акциясын өткізді, 600 мыңнан астам адамға 3,8 миллиард теңге сомасында көмек көрсетті. ҚХА қызметін қамтамасыз етумен айналысатын «Қоғамдық келісім» РМУ этномәдени бірлестіктерді тарта отырып, 236 қоғамдық, ғылыми, сараптамалық, мәдени, танымдық және имидждік іс -шаралар ұйымдастырылды. Жалпы алғанда, кез-келген мемлекет үшін қоғамдық келісімді сақтау мен нығайтудың маңызы жоғары болып қала береді, өйткені ол тұрақтылық пен ұлттық бірліктің нығаюының кепілі, олар мемлекеттің даму саясатының негізгі принциптері ретінде берік бекітілген.

 

Jsk ақпарат орталығы

Автор: admin