• 23 ноября, 2024 10:53 дп

Қоғамдық бірлестіктер мемлекеттік және қоғамның саяси, әлеуметтік, экономикалық, мәдени өмірінде өз орнын алып үлгерді.

Автор:admin

Июл 15, 2023

Расында, кез-келген мемлекет өз ішінде сенімді әріптесінің болғанын қалайды. Бүгінде бұл қызметті үкіметтік емес ұйымдар өз деңгейінде атқаруда деп айтуға болады. ҮЕҰ біліктілігін арттыруға көңіл бөлінуде. ҮЕҰ өкілдерінің біліктілігін арттыру немесе арнайы білім беру бойынша білім беру жүйесінің болмағаны рас. Осы мақсатта Қоғамдық даму министрлігі «ҮЕҰ академиясы» жобасын іске қосты. Мұнда ҮЕҰ басшылары үшін қажетті құқықтық және басқарушылық білім беріледі. 2020 жылдан бастап жүзеге асырыла бастаған «ҮЕҰ академиясы» әлеуметтік кәсіпкерлік онлайн-мектебі жобасы бойынша үкіметтік емес ұйым өкілдеріне қазақ және орыс тілдерінде білім берілді. Мұнда маркетинг және PR, фандрайзинг, жобаларды басқару, ақпараттық технологиялар, әлеуметтік жобалау және тағы басқа маңызды бағыттар бойынша кәсіби сауаттылық үйретілді. Қазіргі күні мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдар арасындағы әріптестіктің негізгі ныаны мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде айқындалуда. Сондай-ақ, азаматтық қоғам институттарын қаржылай қолдау құралдарының бірі ретінде мемлекеттік сыйақы мен гранттық қаржыландыруларды да атап өтуге болады. ҮЕҰ-дың жобаларын қаржыландыру көлемі жыл сайын артып келеді, бүгінде бұл бағытта жыл сайын 30 млрд теңгеге жуық қаржат жұмсалуда. Жалпы алып қарағанда, бүгінде қоғамның қай саласын болмасын, ҮЕҰ-сыз елестету мүмкін емес. Егер статистикаға жүгінсек, ҮЕҰ-дың қатары күн санап өсіп келеді, айына 12-13 ҮЕҰ мемлекеттік тіркеуден өтеді екен. ҮЕҰ-дар әсіресе, білім саласында, оның ішінде бала құқығын қорғау бағытында айрықша белсенділік танытуда. Ел аумағында жетім балалар үйінің санының қысқаруына да ҮЕҰ-дің үлесі зор. Атап айтар болсақ, бүгінде 18 мың жетім балалар отбасыларда тәрбиеленуде. Және бұған ҮЕҰ-мен бірге жүзеге асырылған «Ана үйі» жобасының септігі тиген. Сондай-ақ, ҮЕҰ инклюзивті қоғам құруға да белсенді қатысуда. Әсіресе, ҮЕҰ-дың короновирус пандемиясы кезіндегі белсенділігі мен бастамашылдығы ауыз толтырып айтарлықтай, олар ауыр сынақта ел үшін өзекті мәселеге атсалысты. Соңғы уақытта қоғамда азаматтық белсенділіктің күрт өскенін байқауға болады. Бір нәрсені анық түсінуіміз керек, азаматтық қоғам қай мемлекетте, қандай өркениетте болмасын, бірден орнамады. Сарапшылардың сөзіне сенсек, азаматтық қоғамның жұмысы кемелденген шақта, қазақстандықтардың өмір сүруі де мазмұнды деңгейге көтеріледі. Көзіміз жеткен тағы бір ақиқат, үкіметтік емес ұйымдар мен қоғамның белсенді мүшелерінің арқасында көптеген мәселелер әлеуметтік резонанстар тудыруда. Бүгінде қоғам белсенділері мен азаматтық қоғам мүшелерінің арасында халық арасындағы әлеуметтік және тұрмыстық мәселелердің шешіліп отырғанын да атап өту керек. Тіпті Қызылағаш оқиғасы, Арыстағы апат, күні кеше ғана орын алған Қостанайдағы тілсіз жаудың салдарын жоюға да еріктілер тарапынан аса үлкен қолдаудың болғанын атап өту керек. Мұның өзі халықтың азаматтық қоғам институтының маңыздылығын дұрыс түсінгенінің және қоғам ісіне өз деңгейінде араласа бастағандығының дәлелі. Облыста үкіметтік емес ұйымдармен мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс бойынша бірнеше басқарма мен аудан, қала әкімдіктері жұмыс атқарады. Үкіметтік емес ұйымдарға арналған әлеуметтік-маңызды жобалардың тақырыптары мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыруға және әр саладағы өзекті мәселелердің алдын алуға арналған. Қазіргі таңда 72 заңды тұлға, оның ішінде 45 үкіметтік емес ұйым мен 27 бизнес құрылымы енген «Түркістан облысы Азаматтық альянсы» қауымдастығымен тығыз байланыста жұмыс атқарылып келеді. Сонымен қатар, ауылдық жерлердегі үкіметтік емес ұйымдардың жұмысын ширату және қолдау мақсатында облыстың барлық аудан, қалаларында ақпараттық интернет-ресурстық орталықтар ашылған. Жиынды қорытындылаған Б.Тәжібаев ҮЕҰ өкілдеріне белсенділікті арттырып, Президент жолдауларында айтылған міндеттерді бірлесіп атқаруға, Түркістанды көркейтуге үлес қосуға шақырды. Осы кездесуде айтылған ұсыныстар мен өтініштер хаттамаға енгізіліп, тиісті жұмыстар қолға алынады. Азаматтық қоғам алғаш рет өткен ғасырдың алпысыншы жылдары студенттік қозғалыстар ретінде пайда бола бастаған. Ал бүгін Қазақстанда ғана емес, жалпы әлемде бірнеше мыңдаған азаматтық бастама топтары бар. Зерттеулерге қарасақ, азаматтық бастамашылар бүгінде қоғамдық пікірді тудырушы ғана емес, сол қоғам мүшелерінің назарын ең өзекті мәселелерге аударып, оларды шешуге атсалысып жүрген қоғамда орны бар институтқа айналды. Қазақстан өз тәуелсіздігін жариялаған кезеңнен бастап азаматтық қоғам институттарының қалыптасуы мен даму тарихы еліміздің шежіресінде таңбаланып келеді. Қазақстанда азаматтық қоғам өз құрылуы мен дамуында екі тарихи кезеңнен өтті. Біріншісі өткен ғасырдың 90-жылдары бұрынғы посткеңестік мемлекеттерде демократиялық реформалармен сәйкес келеді. Дәл осы уақытта азаматтық қоғам институттарының алғашқы қарлығаштары — тәуелсіз кәсіподақ ұйымдары құрыла бастады. Олардың мақсаты — экономиканың үкіметтік емес секторының жұмысшыларының мүддесін қорғау болды. Сәл кейін әлеуметтік қорғау коалициясы пайда болды. Бұл коалицияға сол уақыттағы аса өзекті әлеуметтік мәселелердің түйінін тарқату үшін әлеуметтік әріптестік негізінде 28 әртүрлі ұйымдар, партиялар, қозғалыстар бірікті.  Азаматтық қоғамың алғашқы қалыптасуындағы маңызды қадам 1994 жылы Мемлекет басшысының әлеуметтік әріптестік бойынша республикалық үшжақты комиссияның құрылуы туралы шешім қабылдауы болды 2000 жылдың желтоқсан айында «Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік әріптестік туралы» заң қабылданды және ол биліктің, жұмыс берушілер мен жұмысшылардың мүдделерін келісу мәселелерін мемлекеттік саясат дәрежесіне көтерді. Осылайша, әлеуметтік әріптестік заңнамалық тұрғыда рәсімделді. Ал 2003-2005 жылдар аралығында елімізде Демократия мәселелері бойынша ұлттық комиссия жұмыс жасады. 2005 жылы қабылданған «Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс туралы» заң ҮЕҰ-дың түрлі әлеуметтік жобаларды жүзеге асыруына мүмкіндік берді. Азаматтық қоғамның дамуындағы екінші кезеңді 2006 жылдың тамыз айында қабылданған «Қазақстан Республикасында 2006-2011 жылдары Азаматтық қоғамды дамыту тұжырымдамасының» қабылдануымен байланыстыруға болады.  Тұжырымдамада 2011 жылға дейінгі азаматтық қоғам институтын дамыту тетіктері мен жолдары бойынша нақты шаралар ұсынылды. Екінші кезеңнің басында Қазақстанның азаматтық секторында ресми түрде бар-жоғы 5820 үкіметтік емес ұйым тіркелген болатын. Оның ішінде 12 саяси партия, 3340 қоғамдық қор, 1072 заңды тұлғалар қауымдастығы, 471 ұлттық мәдени орталықтар, 3340 діни ұйымдар болған. Азаматтық сектор институттарын қалыптастырудағы басты оқиғаның бірі — 2013 жылы ҚР алғашқы президенті Н.Назарбаевтың қатысуымен өткен оның алғашқы форумы болды. Осылайша ел өміріндегі маңызды институтқа айналған қазақстандық азаматтық қоғамды жүйелі қалыптастыру мен дамыту ісі басталды. 2015 жылдан бастап «ҮЕҰ деректер базасы» нормасы енгізіліп, үкіметтік емес ұйымдар үшін қызметі бойынша есеп тапсыру міндеттелді. Ол бойынша үкіметтік емес ұйымдардың есеп беру жүйесі қалыптастырылды. Соның негізінде ҮЕҰ-дар уәкілетті ведомство алдында жұмысының бағыты, көлемі туралы арнайы базада есеп береді. Азаматтық институт мемлекеттің сенімді серіктесі. Бүгінгі таңда Қазақстанда азаматтық бастамашыларға мемлекет тарапынан қомақты қолдау білдірілуде. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің ресми сайтында берілген дерекке сүйенсек, 2020 жылы Қазақстанда 22 344 үкіметтік емес ұйым болған. Және оның ішінде тек 16 426-сы ғана бүгінде шын мәнінде нақты жұмыс жасап тұр. Егер оларды салалық бөліністе қарастырар болсақ, ҮЕҰ-дың басым бөлігі, яғни 15,97% —   әлеуметік маңызды бағыттармен, ал 14,65% халықтың әлеуметтік осал топтарына қолдау көрсетумен, 12,78% — спорт саласында,11,35% — құқықтық қолдау білдірумен, 8,66% — жастар саясаты және балаларды қорғаумен, 7,09% — білім және ғылым бағыныда, 5,03% — қоғамдық келісім және жалпыұлттық бірлікті нығайтуда, 4,43% — салауаттылық бағытында, 3,94% — өнер және мәдениетті дамыту бағытында еңбек етуде. Азаматтық бастамашылардың арасында қоршаған ортаны қорғау, қайырымдылық, тарихи-мәдени мұра, отбасылық-демографиялық және гендерлік теңдік, ақпарат секілді салалардың қыж-қыж қазанында қайнап жүргендер де бар. Дамыған азаматтық қоғам кез-келген дамыған мемлекеттің негізі болып саналады. Ал үкіметтік емес ұйымдар азаматтық қоғам, мемлекеттік органдар және билік құрылымдары арасындағы тиімді диалог алаңы немесе тіпті байланыс көпіріне айналды десе де болады. Қазіргі уақытта үкіметтік емес ұйымдар мемлекет тарапынан әлеуметтік тапсырыстар мен мемлекеттік гранттар есебінен күн көруде. Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі бүгінгі таңда гранттық қаржыландыру аясында мәселелер бар екенін айтуда. Ведомство халықаралық тәжірибені зерделей келе, бүгінде азаматтық қоғам сарапшыларымен бірге гранттық қаржыландыру саласында заңнаманы жетілдіре түсу бағытында жұмыстар жүргізіліп жатқанын мәлімдеді. Ендігі жерде гранттарды жоспарлау өзекті бағыттар бойынша пулдар қалыптастыру арқылы жаңа форматта жүргізілетін болады. Бұл министрлік өкілдерінің айтуынша, гранттарды халық қажеттілігіне қарай бағыттауға мүмкіндік береді.  Бұл тәсіл «төменнен жоғары қарай» әрекет етуге мүмкіндік береді және жобаны ұсынушылардың айтуынша, халықаралық тәжірибеде кең қолданысқа ие болған осы механизм арқылы қоғамдық бастамаға мемлекет тарапынан жедел әрекет ету мүмкіндігі пайда болады. Тағы бір айта кетерлігі, гранттық қаржыландыру рәсімін оңайлату жөнінде ұсыныстар берілуде. Бұл өзгерістер «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне волонтерлік қызмет, қайырымдылық, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстар мен үкіметтік емес ұйымдарға гранттар мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы» Заң жобасының аясында қарастырылуда. Заң жобасы бүгінде мәжілісте, депутаттар қарауында. Жалпы тәуелсіздік алған жылдар ішінде Қазақстанның азаматтық қоғамы ат төбеліндей ғана ұйым болған алғашқы кезеңінен біртұтас институтқа дейін қалыптасып, өскендігі ақиқат. Бүгінде бұл институт мемлекеттің тұрақтылығын сақтау мен дамуында сенімді серіктеске айналды. Үкіметтік емес ұйымдар қауымдастығы бүгінгі таңда кәсіби, белсенді және тәуелсіз институт құрды. Бұл шын мәнінде, біз 30 жыл тәуелсіздік жолында мақсат еткен бірден-бір мемлекеттік стратегиялық мүдде болатын. Елімізде айтарлықтай мықты әрі табысты бастамалар пайда болды және олар жүзеге асырылды. Қазір қоғамның қай саласында болмасын, үкіметтік емес ұйымдардың бастамасымен түрлі әлеуметтік, қоғамдық маңызы жоғары жобалар жүзеге асырылуда. Үкіметтік емес ұйымдар мемлекеттік және қоғамның саяси, әлеуметтік, экономикалық, мәдени өмірінде өз орнын алып үлгерді. Расында, кез-келген мемлекет өз ішінде сенімді әріптесінің болғанын қалайды. Бүгінде бұл қызметті үкіметтік емес ұйымдар өз деңгейінде атқаруда деп айтуға болады. ҮЕҰ біліктілігін арттыруға көңіл бөлінуде. ҮЕҰ өкілдерінің біліктілігін арттыру немесе арнайы білім беру бойынша білім беру жүйесінің болмағаны рас. Осы мақсатта Қоғамдық даму министрлігі «ҮЕҰ академиясы» жобасын іске қосты. Мұнда ҮЕҰ басшылары үшін қажетті құқықтық және басқарушылық білім беріледі. 2020 жылдан бастап жүзеге асырыла бастаған «ҮЕҰ академиясы» әлеуметтік кәсіпкерлік онлайн-мектебі жобасы бойынша үкіметтік емес ұйым өкілдеріне қазақ және орыс тілдерінде білім берілді. Мұнда маркетинг және PR, фандрайзинг, жобаларды басқару, ақпараттық технологиялар, әлеуметтік жобалау және тағы басқа маңызды бағыттар бойынша кәсіби сауаттылық үйретілді. Қазіргі күні мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдар арасындағы әріптестіктің негізгі ныаны мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде айқындалуда. Сондай-ақ, азаматтық қоғам институттарын қаржылай қолдау құралдарының бірі ретінде мемлекеттік сыйақы мен гранттық қаржыландыруларды да атап өтуге болады. ҮЕҰ-дың жобаларын қаржыландыру көлемі жыл сайын артып келеді, бүгінде бұл бағытта жыл сайын 30 млрд теңгеге жуық қаржат жұмсалуда. Жалпы алып қарағанда, бүгінде қоғамның қай саласын болмасын, ҮЕҰ-сыз елестету мүмкін емес. Егер статистикаға жүгінсек, ҮЕҰ-дың қатары күн санап өсіп келеді, айына 12-13 ҮЕҰ мемлекеттік тіркеуден өтеді екен. ҮЕҰ-дар әсіресе, білім саласында, оның ішінде бала құқығын қорғау бағытында айрықша белсенділік танытуда. Ел аумағында жетім балалар үйінің санының қысқаруына да ҮЕҰ-дің үлесі зор. Атап айтар болсақ, бүгінде 18 мың жетім балалар отбасыларда тәрбиеленуде. Және бұған ҮЕҰ-мен бірге жүзеге асырылған «Ана үйі» жобасының септігі тиген. Сондай-ақ, ҮЕҰ инклюзивті қоғам құруға да белсенді қатысуда. Әсіресе, ҮЕҰ-дың короновирус пандемиясы кезіндегі белсенділігі мен бастамашылдығы ауыз толтырып айтарлықтай, олар ауыр сынақта ел үшін өзекті мәселеге атсалысты. Соңғы уақытта қоғамда азаматтық белсенділіктің күрт өскенін байқауға болады. Бір нәрсені анық түсінуіміз керек, азаматтық қоғам қай мемлекетте, қандай өркениетте болмасын, бірден орнамады. Сарапшылардың сөзіне сенсек, азаматтық қоғамның жұмысы кемелденген шақта, қазақстандықтардың өмір сүруі де мазмұнды деңгейге көтеріледі. Көзіміз жеткен тағы бір ақиқат, үкіметтік емес ұйымдар мен қоғамның белсенді мүшелерінің арқасында көптеген мәселелер әлеуметтік резонанстар тудыруда. Бүгінде қоғам белсенділері мен азаматтық қоғам мүшелерінің арасында халық арасындағы әлеуметтік және тұрмыстық мәселелердің шешіліп отырғанын да атап өту керек. Тіпті Қызылағаш оқиғасы, Арыстағы апат, күні кеше ғана орын алған Қостанайдағы тілсіз жаудың салдарын жоюға да еріктілер тарапынан аса үлкен қолдаудың болғанын атап өту керек. Мұның өзі халықтың азаматтық қоғам институтының маңыздылығын дұрыс түсінгенінің және қоғам ісіне өз деңгейінде араласа бастағандығының дәлелі.

Jsk ақпарат орталығы

Автор: admin