• 23 ноября, 2024 8:21 пп

ҮЕҰ өкілдеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасы түсіндірілді

Автор:admin

Мар 11, 2022

Шымкент қаласының Азаматтық Альянсы қауымдастық түріндегі заңды тұлғалар бірлестігінің ғимаратында үкіметтік емес ұйымдардың басшылары мен өкілдеріне Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының 2022 – 2026 жылдарға арналған тұжырымдамасы таныстырылды.

Аталған жиынға қатысқан Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің бас маманы Ж.Әлжанова стратегиялық құжаттың негізгі бағыттарына тоқтала отырып, оның халықаралық стандарттарға, үкіметтік емес ұйымдардың, бизнес-қоғамдастықтың, мемлекеттік органдардың, ұйымдар мен азаматтардың ұсыныстарына негізделгендігін атап өтті.
Департамент өкілі өз сөзінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласында жүзеге асырылып жатқан жобалардан, сондай-ақ, сыбайлас жемқорлықты жою мәселелеріндегі жұртшылықтың рөлі жайында хабардар етті.
Жиын барысында жемқорлық фактілеріне тап болған кез-келген азамат тәулік бойы жұмыс жасайтын 1424 Call-орталығына хабарласа алатындығын жеткізді. Сонымен қатар, жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың тиімді құралдарының бірі азаматтарды жемқорлық туралы хабарлағаны үшін көтермелеу институты жайында кеңінен ақпарат берді.
Jsk ақпарат

Автор: admin