• 19 апреля, 2025 6:24 пп

Әділеттіліктің басты шарты – заң мен тәртіп

Автор:admin

Ноя 2, 2024

Шымкент Өңірлік Коммуникациялар қызметінің филиалында «Шымкент қаласы соттарында сот төрелігін жүзеге асыру туралы» баспасөз мәслихаты өткен болатын. Мәслихат барысында алқа төрағалары Бәйдібек Дүйсебеков, Гүлмира Қыдырбаева және қалалық  соттың бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іс-қимыл жөніндегі үйлестіруші судьясы Виталий Мирошников баяндама жасап, қылмыстық, азаматтық және әкімшілік істер бойынша сот төрелігін жүзеге асыру барысы туралы атқарылған жұмыстар жөнінде жан-жақты айтып берді.   Қалалық соттың қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Бәйдібек Сәулебекұлы: «Осындай кездесулер қажет деп ойлаймын, себебі Сіздер сот пен халық арасындағы алтын көпірсіздер. Өткен жылы сот жүйесінде бірқатар өзекті өзгерістер орын алған болатын, соның ішінде Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен, Шымкент қаласындағы аудандық соттар біріктіріліп, Қылмыстық істер жөніндегі және Азаматтық істер жөніндегі ауданаралық соттары ретінде қайта құрылды. Бұл қадам қала тұрғындары үшін өте тиімді өзгеріс деп білемін. Қала соттарында жалпы 2965 адамға қатысты 2576 қылмыстық іс тіркелсе, ал 2631 адамға қатысты 2275 қылмыстық іс тіркелген. Салыстырмалы түрде айтсам, былтыр адам саны 11%-ға, ал істер 12%-ға артқан. Өкінішке қарай, нашақорлық біздің өңірдің ғана емес, жалпы Республика бойынша қауіпті қатерге айналды. Әсіресе, жасөспірімдердің нашақорлыққа тәуелділігі қазіргі заманның өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Азаматтарды осы проблемаға көңіл бөлуге шақырамын. Өз жақындарыңызға мұқият болыңыздар. Әсіресе, жасөспірімдер мұндай заттарға тез тәуелді болады. Алғашқыда қызығушылық танытамын деп бір рет қолданып, психологиялық  тәуелділікке қалай душар  болғанын да байқамайды.  Соттарда аяқталған істерге тоқталсам, жыл басынан бері қаралған 2453 қылмыстық істің 1719-ы немесе 70%-ы бойынша үкім шығарылған (2 006 адам). 2022 жылы 2 177 қылмыстық іс қаралып, оның 1 409-ы немесе 64%-ы қылмыстық іс бойынша үкім шығарылған (1 655 адам). Яғни үкім шығарумен  аяқталған істер артқан. Үкім шыққан 2 006 адамның –1962-сі сотталып, 25-і ақталған болса, ал, 19 адамға медициналық шаралар қолданылып, 487 адамға қатысты іс тоқтатылған. Үкім шыққан 1 655 адамның 1 614-ы сотталып, 23-і ақталған, ал 18 адамға медициналық шаралар қолданылып, 506 адамға қатысты іс тоқтатылған.

Jsk ақпараттық агенттігі

Автор: admin