• 27 июля, 2025 10:18 дп

ӘЛ-ФАРАБИ АУДАНЫНДА АЯҚЖОЛ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

Автор:admin

Июл 26, 2025

Шымкент қаласы әкімінің Әл-Фараби ауданы тұрғындарымен кездесуінде Сасбұқаев көшесіне аяқжол салу туралы өтініш түсті. Қала әкімі бұл мәселені назарға алып, бірден жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасына тапсырма берді.

Қазіргі таңда өтініш тез арада қаралып, аяқжол салып қана қоймай, аталған көшеге ирригациялық арық та орнатылды.

Көшпелі кездесуде көтерілген әр мәселе жіті бақылауда. Берілген тапсырма міндетті түрде орындалады.

Автор: admin