Әл-Фараби ауданы әкімі аппараты тарапынан аудан аумағында су шаю қаупі туындаған қауіпті орындарға зерделеу жұмыстары ұйымдастырылды.Нәтижесінде су басу қаупін алдын алу мақсатында ауданның 5 аумағында ирригациялық жүйелер орнату жұмыстары жүргізілуде. Арық-атыздардың
жалпы ұзындығы 1330 метрді құрайды.
Сонымен қатар 2024 жылға «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында су жиналу қаупі бар 16 мекенжайға ирригациялар жүргізіледі. Қазір желілердің жобалау-сметалық құжаттасы әзірленуде.