Әрдайым үлгі болар тұлға

Қоғам

Тәртіп мәселесі әскерде бірінші орында тұрады, «Тәртіп жауынгерлердің басты құралы», «Тәртіпсіз ел болмайды, тәртіпке бас иген — құл болмайды!» — деп түйіп айтып кеткен ұлы Бәукең ұлағаты әр әскери адамның сана сезіміне ұялаған ұғым.
Ұйымдастыру, жұмылдыру, өткізу, дайындау – осы аталмыш түсініктер тәрбиеші маманның күнделікті міндетін құрайды. Түптеп келгенде бұлардың барлығы да жеке құрамға деген қамқорлықтың, тәрбие жұмысының қайнар көзі іспетті.
Құрлық әскерлері Әскери институтытының тәрбие және идеологиялық жүмыстар жөніндегі басқармасының тәрбие бөлімінің аға офицері капитан Ерлан Арынбаев болашақ офицерлерді тәрбиелеуде үлкен үлес қосып келе жатқан офицерлердің бірі.
Ерлан Түркістан облысы Жібек жолы елді мекені Дихан баба аулында Арынбаев Даулетхан мен Ибагүлдің отбасында өмірге келген.
Ерлан балдаурен балалық шағынан офицер болуды армандайды Сол бала арман 2007 жылы Құрлық әскерлері Әскери институтына жетелеп алып келеді. Арманы орындалып осы әскери институттың курсанты аталады. Институт қабырғасында Ерлан өзін бірінші күннен бастап аса қабілетті, әскери өнер-білімді меңгеруге құштар, тәрбиелі де тәртіпті оқу үздігі ретінде көрсете білді. Төрт жыл үздік курсанттар қатарынан табылды.
Бастамашыл, зерделі курсанттардың бірі болған Ерлан 2001 жылы лейтенант шенін алып институт қабырғасында взвод командирі лауазымына тағайындалады.
Ол взвод командирі ретінде өзінің төл міндеттерін әрдайым үлкен жауапкершілікпен атқарып. Факультеттің мерекелік мәдени-іс-шараларына, қоғамдық ұйымдастыру жұмыстарына әрқашан белсене араласып, жауынгерлік оқу-жаттығу сабақтарында кызметтестеріне үлгі болды. Еселі еңбегінің арқасында 2014 жылы курсант ротасының командирі лауазымына тағайындалады. Рота командирі ретінде Ерлан Арынбаев әр курсант жүрегіне жол таба білді. Взвод командирі лауазымында мол тәжіірибе жинақтаған ол, рота жеке құраммен жұмыс істеуде қиналған жоқ. Әрқашан кәсібилігі мен әдіскерлігінің арқасында курсанттарын жақсы офицерғып тәрбиелеп шықты.
2018 жылдың күзінен бастап капитан Арынбаев институттың тәрбие және идеологиялық жүмыстар жөніндегі басқармасының тәрбие бөлімінің аға офицері болып тағайындалған.
Жаңа орында да Ерлан Даулетханұлы өзін тек жақсы жағынан көрсете білді. Жұмысқа деген ұқыптылығы, әріптестеріне деген сыйластығы, кішіпейілдігі капитан Арынбаевті әріптестерінің арасында беделді азамат ретінде танытты.
Бүгінгі күні Ерлан Даулетханұлы адамгершілік пен ұлттық құндылықтарды тең ұстап, әскери қызметпен ұштастыра білген жанұяның қамқоршысы, отағасы, екі ұл, бір қыз тәрбиелеп отырған бақытты әке, асыл жар.
Өмірінің саналы ғұмырын әскери қызметке арнап, Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері атты үлкен шаңырақтың бір ұығын көтеріп жүрген Ерландай қазақ ерлері біздің өсіп кележатқан ұрпағымызға үлгі болатыныны мәлім. Біздің Ерлан әрдайым үлгі болар тұлға!
Аида Бектурова
Құрлық әскерлері Әскери институтының баспасөз қызметі
Сурет автордікі 87077900309