• 25 сентября, 2024 11:19 дп

Әскери қызметте, қорғаныс-өнеркәсіп кешені маңызды рөл атқарады

Автор:admin

Июл 8, 2024

Қазақстан Республикасының президенті «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағыты» атты Жолдауында  импортқа тәуелділікті азайтуға мүмкіндік беретін, жергілікті өнім үлесі жоғары өндіріс кешенін құру – аса маңызды міндет , деп әскери техника шығару саласын жандандыруды қажет ететінін меңзеді. Шымкент қаласында әскери қызметті жандандыру үшін түрлі мемлекеттік бағдарламалар индикаторлы көрсеткіштермен жұмыс істеп отыр. «Біздің армиямыз жоғары технологиялы қару-жарақпен және әскери техникамен, соның ішінде бронды техникамен, ұшқышсыз басқарылатын ұшу аппараттарымен, қазіргі заманғы атыс қаруларымен жабдықталуға тиіс»,-деді Қасым-Жомарт Тоқаев. Мемлекет басшысының айтуынша, техниканы шұғыл жөндейтін өндіріс орындарының қуатын арттырып, отандық кәсіпорындарға барынша қолдау көрсеткен жөн. Бізде оған қажетті материалдық-техникалық база, білік пен тәжірибе және мамандарда жетерлік. Тек оларға құзырлы мекемелердің тапсырысы керек екен. Президент Қазақстан халқына Жолдауында заманауи технология трансфертін жасау және жаңа өндірістер ашуды жолға қою керектігінде баса айтқан еді. Ол сондай-ақ, қорғаныс-өнеркәсіп кешенін дамыту қоры арқылы өз кәсіпорындарымызға тікелей қаржылық қолдау көрсетіледі деп қорғаныс саласының сайып қырандарына демеу білдірген болатын. Бүгінде мемлекет басшысы айтқан тапсырмалар тиісті деңгейде орындалуда.  Мәселен, Тоқаев өз сөзінде айтқан ұшқышсыз басқарылатын ұшатын техникада алғашқы сынағынан өтті. Бұлда отандық қорғаныс-өнеркәсіп кешенінің жетістігі. Қорғаныс министрлігінің ұшқышсыз басқарылатын құрылғыларды дайындау туралы сұрауына елдің қорғаныс-өнеркәсіп кешенінің құрамына кіретін бірнеше қазақстандық компания бірден жауап берген.  Қысқа уақыт аралығында отандық өндірушілер ұшқышсыз басқарылатын аппаратты жасап шығарған. Әлі де болса, бір қайшауы ішінде болғанымен бастама жаман емес, дейді мамандар.  Жалпы, еліміздегі барлық ұшу  техникасы заманауи бейнебақылау құралдарымен, датчиктермен, қашықтық өлшегіштермен және тепловизорлармен жабдықталған.  Ведомство өкілдерінің сөзіне сенсек, ұшқышсыз басқарылатын аппараттарды қару-жарақ құрамына қабылдау бюджет қаражатын едәуір үнемдеуге, оларды кейіннен күтіп ұстау және жаңғырту мәселелерін тез арада шешуге мүмкіндік береді. Бүгінгі күні өзімізде өндірілетін әскери техниканың сан түрі бар.  Кемелерден бастап бронды көліктерге дейін  қазақстандық қорғаныс-өнеркәсіп кешенерінде шығарылады. Қорыта айтар болсақ, елімізде технологияны дамытуға қорғаныс-өнеркәсіп кешендерінің  қосқан үлесі орасан зор.

 

Jsk ақпараттық агенттігі

Автор: admin