• 20 сентября, 2024 6:32 дп

Әскери қызмет – Отаншылдықты арттырады

Автор:admin

Май 13, 2024

«Тағы бір маңызды міндет – жастарды отаншылдыққа тәрбиелеу. Елімізде 9 мыңға жуық әскери-патриоттық ұйым жұмыс істейді. Сол ұйымдардың қатарында 260 мыңнан астам жасөспірім бар. «Жас сарбаз» қозғалысының аясында 400 «Смарт сарбаз» үйірмесі ашылды. Бұл үйірмелерге 6 мыңға жуық жас жеткіншек қатысады.», — дейді Қасым-Жомарт Кемелұлы. Президенттің сөзінше, өскелең ұрпақтың әскери-патриоттық рухын көтеруге баса мән беру қажет. Бауыржан Момышұлы «Ешкім батыр болып тумайды. Батырлық та мінез секілді, өскен орта, көрген тәрбиеге байланысты қалыптасады» деген. Шымкент қаласының әрбір әскери қызметшісі осы сөзді саналарына жаттап, Отаншылдықты арттыруға бағытталған рухани көз-қарастарын жандандыруы тиіс. Ол үшін мемлекетіміз қолдан келген барлық көмекті аяп отырған жоқ. Әртүрлі әскери қызметтің, ұрыстық жаттығулардың және жауынгерлік қызметтің психологиялық ерекшеліктері. Зымыранды-ядорлық қаруларды, оларды жеткізудің жаңа құралдарын пайдалану қысқа уақытта және үлкен қашықтыққа бұрын соңды болмаған күшпен қатты әсер ететін соққы беруге мүмкіндік тудырады. Осыған байланысты әскери қызметтің жауынгерлік кезекшілік сияқты түрінің маңызы жоғарылады. Жауынгерлік кезекшіліктің ең маңызды психологиялық ерекшеліктері болып оның мемлекеттік маңыздылығы, жоғары деңгейдегі жауапкершілігі, мәжбүрлігі, кезекшілікті жүргізуі табылады. Ең соңғысы күрделі және психологиялық тұрғыдан акті болып табылады. Ең соңғысы күрделі және психологиялық тұрғыдан акті болып табылады. Жауынгер өзінің білімі мен дағдысын пайдалануы керек, ол өзіне деген жауапкершілік пен сенімді сезіну қажет. Келесі жауынгерлік кезекшіліктердегі жауынгерлік қызмет тәжірибелік қызметтің бір түрі ретінде жауынгердің саналығының өсуіне, оның тәртіптілігін, атқарушылығын, тапқырлығын, ілтипаттылығын қалыптастыруға мүмкіндік береді. Атыс дайындығы – ұрысқа дайындық барысында жауынгерлердің қызметінің негізгі бөлігін құрайды. Мұнда оқу, міндетті еңбек және ойын кезеңінен элементтері күрделі үйлесім табады. Саптық дайындық – бұл әскерді оқыту мен тәрбиелеудің маңызды бөлімі. Сап – бұл әскери қызметті орындау үшін адамдарды ұйымдастыру. Сондықтан саптық дайындық кезінде жауынгерлер бөлімшенің құрамында келісіп әрекет етуге дағдыланады, бұйрықтарды орындайды, олардың бірқатар маңызды моральді-саяси ерекшеліктері қалыптасады. Жауынгердің саптық дайындықтың мағынасын, маңыздылығын және қажеттілігін дұрыс түсінуі, сондай-ақ офицердің тәрбиелік мүмкіндіктерді пайдалануы күшті әсерді алдын-ала анықтайды. Жеке құрамның ұрыс техникаларын үйренуі және оны қолдану бойынша жұмыстар барлық бөлімшелерде жүргізіледі. Тәрбиелік жаттығулар ұрыс тапсырмаларын шешу, дұрыс әрекет жасау мүмкіндігін, моральды саяси және психологиялық қасиеттердің даму жағдайын тудырады. Мұның барлығы саяси сананың, отаншылдықтың, өзіне және жолдастарына сенімділігінің болуына әкеледі. Жауынгерлердің қиындықтарды жеңудегі ірбеткейлік сияқты жігерлі қасиеттерін дағдыландырады. Сонымен қатар, оның тапқырлық, әскери айла, зеректік, ұқыптылық, үнемділік сияқты жеке ерекшеліктерін де дамытады. Әскери мүлікті, ұрыс техникаларын, әскери объектілерді қорғау және сақтау әрбір әскери қызметкердің әскери қызметінің міндетті компоненті болып табылады. Қарауылдық қызмет, әскери қызметтің ерекше түрі. Бейбіт уақытта да қарауыл қызметін атқару міндетті болып саналады. Бұл жауынгердің жеке басының дамуына әсер ететін психологиялық фактор болып табылатын белгілі ішкі икемділігін, ынталы болуын туғызады. Қаруыл қызметін атқару жауынгерлердің борыш, отаншылдық, ұжымшылдық, әскери дәстүрге адал болу сезімдерін, бірбеткейлік, шыдамдылық, салқынқандылық, тапқырлық, өзіне сенімділік қасиеттерін дамытады. Олар қызмет барысында, мектеп кезінде АӘД сабағында қалыптасқан база негізінде дамиды. Қазіргі заманғы ұрыс шарттары өзінің атыс құралдарының көптігімен, жағдайдың күрделілігімен және өзгермелілігімен сарбаз үшін денсаулығына және психологиялық тұрғыдан өте қауіпті болып табылады. Адамның қауіпті сезіну мен мазасыздануы оның психикалық жағдайының өзгеруіне әкеледі. Қиналу барлық психиканың жұмыстарына әсер етеді. Ол сезім органдарының қызметіне оң әсерін тигізуі мүмкін, мысалы, көру мен есту органдарның қызметіне оң әсерін тигізуі мүмкін, мысалы, көру мен есту органдарының қызметін жақсарту. Қиналыс қабылдауды күшейтіп, адамның байқағыштығын, сақтылығын арттыруы мүмкін. Қиналыс жағдайы ойдың жетілуін қамтамасыз етеді немесе керісінше, ойдың шашырауына әкеледі. Ұрыс қауіпіне байланысты туған қиналыс тұтастығын беріктігі деңгейінен қиналудың психикалық процестерге әсері тәуелді болады. Мақсаттылық, ынталылық, белсенділік, жауға деген жек көрушілік, отаншылдық, ұжымшылдық сияқты моральді-саяси қасиеттердің болуы тұлғаның тұлғалығын сақтайтын ішкі күштер болып табылады. Психологиялық дайындықтың негізгі міндеттірінің бірі жауынгердің психикасының сенімділгін және кедергілерді жеңуін қалыптастыру болып табылады. Психиканың сенімділігі, жауап берудің жоғарғы сезімталдығын, дәлдігін, жылдамдығын, зейіннің тұрақтылығын, кез келген уақытта шешімді әрекеттерге үнемі дайын болуын, қамтамасыз ету жолымен жоғалмайды.

 

Jsk ақпарат орталығы

Автор: admin