• 23 ноября, 2024 8:28 пп

АГЕНТТІКТІҢ ПРЕВЕНЦИЯ ҚЫЗМЕТІНІҢ БАСШЫСЫ САЯН АХМЕТЖАНОВ ТҮРКІСТАНДЫҚ КӘСІПКЕРЛЕРМЕН КЕЗДЕСТІ

Автор:admin

Окт 20, 2022

Бүгін Түркістан облысына жұмыс сапарымен келген ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Превенция қызметінің басшысы Саян Ахметжанов киелі өңірдің бизнес өкілдерімен кездесу өткізді.

Диалог алаңында облыстық басқарма басшылары, Түркістан облысының кәсіпкерлер палатасының басшылары мен облыстық Қоғамдық кеңес мүшелері, ірі және шағын-орта бизнес өкілдері болып табылатын «Югдорстрой», «Feb Turkestan», «Эльдорадо и BAZA», «Qazyna құрылыс MS», «Лидер-НС Строй», «Отау Строй», «ӘлемТрансСтрой» және «Ақжол» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері мен БАҚ өкілдері бас қосты.
Жиында Саян Қылышұлы Агенттік жұмысының жаңа тәсілдері «Атамекен» ҰКП басшылығымен талқыланып, бүгінгі күні кәсіпкерлерге құқықтық көмек көрсету мен бизнес ортадағы проблемалық мәселелердің шешілу жолдарын оңтайландыру бойынша бірлескен ауқымды жұмыстар атқарылып жатқандығын жеткізді.
«Елімізде бизнесті дамыту үшін әкімшілік кедергілерге жол бермеуге, елдегі қолайлы инвестициялық ахуалды қамтамасыз етуге айрықша көңіл бөлініп келеді. Бұл тұрғыда, өңірлердегі бизнес-құрылымдардың өкілдерімен тікелей қарым-қатынаста болу және оларды негізсіз әуре-сарсаңдар мен сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінен қорғау – Агенттіктің басым бағыттарының бірі екендігін айрықша атап өткен жөн» — деді Превенция қызметінің басшысы.
Мақсатты жиында мемлекеттік сатып алу, ауыл шаруашылығы, мектепке дейінгі ұйымдар мен білім беру салалары, автомобиль жолдарының құрылысы мен құқық қорғау органдары тарапынан кәсіпкерлік қызметке кедергі келтіру әрекетіне қатысты кәсіпкерлердің түйткілді мәселелері талқыланып, шешілу жолдары ортаға салынды.

Автор: admin